ЖАҢАЛЫҚТАР
IPR SMART оқу контенті мен білім беру ресурсына тестілік қолжетімділік

Студенттер мен оқытушылар үшін IPR SMART (сандық білім беру ресурсы) құрамында ең ірі білім базасы — электрондық-кітапхана жүйесіне (ЭКЖ) тестілік қолжетімділік ашылды https://www.iprbookshop.ru. Тестілік қолжетімділіктің әрекет ету мерзімі-01.04.2022 - 30.04.2022 дейін.
ЭКЖ қорында шамамен 100 мың бірлік контент бар, оның басым бөлігі дайындықтың барлық бағыттары бойынша бірегей оқу және ғылыми басылымдармен ұсынылған.
IPR SMART білім беру ресурсын пайдалану жөніндегі нұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.iprbookshop.ru/5858. Ресурсты пайдалану және контентпен танысу үшін сайтта қашықтықтан тіркеуден өту қажет https://www.iprbookshop.ru. Логин мен парольды ғылыми кітапхана 217 кабинеттен аласыздар
Жаңа кітап!
Ғылыми кітапхана қорына сыйлыққа Қазақстандағы экологиялық саясат: негіздері мен перспективалары атты жаңа кітап түсті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кітап Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың қаржылық қолдауымен «Қазақстандағы экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-мен басып шығарылды.
Кітап экологиялық саясат тақырыбы бойынша толық оқу материалы болып табылады. Оқу құралы студенттерге, магистранттарға арналған. Қазақстандағы экологиялық ұйымдарының қауымдастығына алғыс айтамыз.

"Қазақтың қылқалам шебері"
Ғылыми кітапхана мен Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен педагогика, мәдениет және өнер оқу залында суретші, театр қайраткері, журналист, режиссер Ғұмаров Сәкен Нәжіметдинұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақтың қылқалам шебері» атты іс – шара өткізілді.
Бұл кештің мақсаты туған жеріміздің атақты суретшісі С.Ғұмаровтың өмірбаяны және шығармашылық жолымен таныстыру.
Кешке дизайн факультетінің және музыкалық білім факультетінің 3- курс студенттері мен оқытушылар Пазлышанова Жансая Ниязбаевна, Отаров Мэлс Тасқалиевич, Маденова Ләззат Мутигалиевна және кітапхана қызметкерлері қатынасты.
Кеш барысында студенттер Асанова С, Амантурлина А, Рамазанова А, Манашева З суретші Ғұмаров Сәкеннің өмір жолдары мен шығармашылығына кеңінен тоқталды.
Онда С.Ғұмаров суреттерінің алғашқы көрмелерінің бірі Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайында ұйымдастырылғаны, 1995 жылы суретшінің шеберханасы ашылып, кейін бұл ғимарат С.Ғұмаровтың мұражайына айналғаны айтылады. Мұнда суретшінің картиналары, жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары көрініске қойылғандығы, суретшінің туындылары өмірге деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке үйрететіндігі баяндалған.
Кеште студенттер 4 топқа бөлініп суретші Сәкен Ғұмаровтың суреттерінен сурет салып, суреттердің бізге қандай сыр шертетінін ашып айтты.
Бұдан кейін студенттер өнер туралы мақал – мәтелдерді қаншалықты білетіндерін ортаға салды. Ақын Айтқали Нәріковтың суретші Сәкен Ғұмаровқа арнаған өлеңін Елюбай Шынар оқып берді.
Кітапханашы Айташова Гулшира Шаденқызы «Қазақтың қылқалам шебері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.


«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2022» АКЦИЯСЫ

2022 жылғы «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға қолдау көрсетілді.
Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының барлық шығармаларын жариялау туралы шешім қабылданды.
Оқырмандарға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады:
1. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
2. «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
3. «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
4. «Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы».
John Wiley & Sons
Қол жетімділік мерзімі: 2020 жылдың 16 наурызынан 2021 жылдың 15 наурызына дейін.
Баспаның ғылыми мазмұны Wiley Online Library платформасында (www.onlinelibrary.wiley.com) ұсынылған.
Қазақ ұлттық университетінде. Әл-Фараби табиғи және техникалық бағыттағы 137 Wiley журналының жинағына қол жеткізе алады.
Университетте қол жетімді Wiley журналдарының тізімімен осы жерден танысуға кеңес береміз.
Назар аударыңыз!
Wiley жазылушы ұйымдарының пайдаланушылары үшін ұйымның IP желісінен тыс баспагер ресурстарына қашықтан қол жеткізу Google Scholar жүйесі арқылы, сондай-ақ Wiley Online Library тіркелгенде ғана мүмкін болады.
Егер пайдаланушы ұйым желісінің ішінен Wiley Online Library платформасына тіркеліп кірсе, оның Wiley профилі ұйыммен автоматты түрде байланыстырылады. Болашақта пайдаланушы 60 күн ішінде кез келген компьютерден Wiley Online Library тіркелгісіне кіру арқылы Wiley ресурстарына қол жеткізе алады. Қол жеткізуді жаңарту үшін тіркелгі мен ұйым арасындағы қарым-қатынасты үнемі жаңартып отыру керек, яғни. Ұйымыңыздың желісінен Wiley Online Library тіркелгісіне кемінде 60 күнде бір рет кіріңіз.
Жыл оқырманы-2021
Кітап оқу қызығушылығын арттыру, студенттер бойында зияткерлік мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ғылыми кітапхана жыл сайын «Жыл оқырманы» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырды. Жыл соңында іс-шараларды саралай келе, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жыл оқырманы-2021» арнайы марапаттау рәсімі өтті. «Жыл оқырманы-2021» байқауының «Ең белсенді оқырман» номинациясын физика–математика мамандығының III курс студенті Арынғазы Елтаев, «Ізденімпаз оқырман» номинациясын педагогика және психология мамандығының ІV курс студенті Эльмира Сарсенғалиева, «Жыл оқырманы-2021» номинациясын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ІV курс студенті Есенгалиев Ерұлан жеңіп алды.

Страница 12 из 50


