ЖАҢАЛЫҚТАР
90 жылдық мерейтой
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдық мерейтойына орай, Ғылыми кітапхана кеңейтілген кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде профессор-оқытушылар құрамының 1940жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін ғылыми еңбектері ұсынылды. Мерейтойға орай, университетте қызмет етіп, саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, оның дамып өркендеуіне қажырлы еңбек қылып, баға жетпес зор үлес қосқан үшін қала әкімінің грамотасымен Тоты Алимбекерова, білім-ғылым ордасының қарыштап дамуы жолында қажырлы қызмет атқарып жүрген, лауазымдық жұмыстарының озық нәтижелері үшін ректордың Құрмет грамотасымен Гульмира Джанбаева, жоғары білім беру жүйесіне қалтқысыз қызмет етіп, университеттің дамуы мен гүлденуіне қосқан өлшеусіз үлесі және лауазымдық міндеттерді жауапкершілікпен атқарғаны үшін Раушангуль Мазимова мен Аягуль Кисметова ректордың алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Шерхан Мұртаза 90 жыл
Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегінде М.Өтемісов Университеті ғылыми кітапханасы мен «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері бірігіп жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің қызыл жебесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеде Шерхан Мұртазаның өмір жолы мен шығармашылығы, жазушы жәйлі жазылған ой-пікір, мақалалар қойылған.
Шерхан Мұртаза - 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде дүниеге келген. Ол барлық шығармаларының арасынан «Қызыл жебе» романына көп көңіл аударған. Советтік Ресейдің жоғарғы билігінде болған бірінші қазақ Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлігі туралы баяндалатын бұл шығарма жазушы шығармашылығының басты құжатына айналды. Әсіресе, жазушының жеті томдық жинағынан оқырман оның шығармашылығының басым бөлігімен таныс бола алады. Өйткені бұл жинақтың ішіне «Қызыл жебе» роман - эпопеясынан бастап, пьессалар мен әңгімелерге дейін кірістірілген. Сондай-ақ көрмеден «Интернат наны» әңгімесін, «Қара маржан» ,«Ай мен Айша» романдарын және т.б. туындыларын көре аласыздар. Библиографиялық шолуды жүргізген БД-31 тобы студенті Серікбаева Назира.
Ардагерлерімен кездесу
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдық мерейтойына орай Ғылыми кітапхана ұжымы ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында аянбай еңбек еткен ардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырды. Ардагерлеріміз Герасимова Елена Георгиевна, Жуковская Инна Николаевна, Ниязбекова Галина Адиловна, Яковенко Юлия Ивановна, Таушева Гульжан Закировна, Бурекешева Гульжан Тулегеновна, Кененова Мадина Жумагалиевна, Кисекова Сауле Сапиевна, Нашинова Талшин Салимовналарды мақтанышпен айтамыз. Кездесу кешіне университетіміздің ғылыми кітапханасының кітап сақтау секторында 40 жыл еңбек еткен Бурекешева Гульжан Тулегеновна және Тарих, экономика және заң ғылымдар оқу залында жұмыс атқарған Кененова Мадина Жумагалиевна қатысты. Кеште ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы қызықты сәттерімен ой бөлісті. «Біз кітапханашы мамандығына адалдықты, сүйіспеншіліктің ізін басқан жастарға үлгі көрсете білдік» - деп жас буын кітапханашыларға өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кеш соңында ғылыми кітапхана директоры Тоты Алимбекерова кітапхана ардагерлеріне кітапхананың өсу, өркендеу жолында төккен тері мен жұмсаған қажыр-қайратына алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған жолдауды талқылау мақсатында «Президент жолдауы - саяси реформалардың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел
2022 жылдың 9 қыркүйек күні Ғылыми кітапхана және педагогика факультетінің "Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру" кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауды талқылау мақсатында «Президент жолдауы - саяси реформалардың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Алғы сөзді Педагогика, мәдениет және өнер оқу залының кітапханашысы Гульшира Айташова шараның негізгі мақсат, міндеттерімен таныстырып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Одан әрі ПиМНО – 41 тобының студенті Ботагөз Оразбаева ел президентінің кезекті жолдауындағы бағыттарын және жолдауда талқыланған мәселелер мен алға қойылған негізгі нық қадамдарды атап түсіндіріп өтті. Осы негізде 1 курс студенттері: Камила Амреева,Тұрғынбек Қосаев және 4 курс студенттері: Жақсыбек Сымбат, Конырова Дилназ жолдауға жеке жеке тоқталып өтті. Студенттер мен оқытушылар арасында жалпылама талқылана отырып, әр студент жолдауға деген өз ой пікірлерімен бөлісті. Қорытынды сөзді аға оқытушы магистрлер, Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы, Ерболат Балмира Ерболатқызы, Мухиева Гүлмира Сейтмуханбетовлар сөйледі. Жолдауда Мемлекет басшысы «Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», деген болатын. Студенттер жолдауды зейін қоя тыңдап, ой елегінен өткізіп, көңіл таразысына салып тыңдады.
Оқырман назарына
Парасат биігіндегі ұстаз
В стенах родного университета Научная библиотека отметила 80 – летний юбилей "Парасат биігіндегі ұстаз" Меретаевой Балшекер Нургазиевны, ветерана библиотечного дела, опытного преподавателя, наставника.
В ходе мероприятия проректор во воспитательной работе и социальным вопросам Туймеш Даришева поздравила юбиляра, от имени ректора вручила Почетную грамоту и медаль «Кітапхана ісінің ардагері».
Страница 11 из 50


