ЖАҢАЛЫҚТАР
«ЖОО кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары» ХII-ші халықаралық конференция
Қазақстан Республикасы университет кітапханаларының қауымдастығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Нархоз университеті және Сүлейман Демирел университетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 24-26 сәуір аралығында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде өткен «ЖОО кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары» ХII-ші халықаралық конференциясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «ЭйВиДи-Казахстан» ЖСШ «Школы ИРБИС для вузовских библиотек» біліктілікті арттыру семинарына әріптесіміз Гульмира Джанбаева қатысып келді.
Конференция барысында Заманауи ЖОО-ы кітапханасы мен жоғары білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етудің даму тенденциялары, ЖОО кітапханасы ұсынатын қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге арналған заманауи бағдарламалық-техникалық шешімдері, ЖОО кітапханаларының ақпараттық ресурстары: оларды академиялық ортада қалыптастыру және ілгерілету тәжірибесі мен перспективалары, ЖОО кітапханаларының кеңістігін қалыптастыру мен жаңғыртудың заманауи басымдықтары және үрдістері туралы мәселелер қозғалып, шешімін тапты.
Кітапхана қонағы
26 сәуір 2024 ж. кітапханамызға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Халилов Зияд Гамза-оглы келіп, әзірбайжан тіліндегі өлеңдер жинағын сыйға тартты. Үлкен рахмет!
Әрәптесімізді құттықтаймыз!
12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні аясында Мақпал Галиевна Исмагулова марапатталды. Әрәптесімізді құттықтаймыз!
Қаныш Сатбаев - ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, академик
10 сәуір 2024 ж. педагогика факультетінде академик Қаныш Сатбаевқа арналған аға оқытушылар, магистр Абугалиева Г.С, Баюканская С.Ф, Федорченко Л.А, Панищева О.А ұйымдастыруымен “Каныш Сатпаев - первый казахский ученый, академик” атты іс -шара өткізілді. Шараға студенттер, магистранттар қатысты. Шарада «Қаныш Сатбаев - ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, академик» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолуды ғылыми кітапхананың кітапханашысы Макпал Галиевна таныстырып өтті.
«Ұлт мүддесін көздеген сыншы – қазақ жазушысы» Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл
5 наурыз 2024ж. ғылыми кітапхана мен жаратылыстану-география факультетінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Ұлт мүддесін көздеген сыншы – қазақ жазушысы» атты әдеби кеш болып өтті. Кештің мақсаты келешек жастарға жазушы Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беріп, жазушының әдеби мұрасының негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.
Аталмыш кешке филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы келіп студенттерге Ж.Аймауытовтың шығармашылығы мен оның қазақ әдебиетіндегі қалдырған ізі туралы баяндады. Әрі қарай жазушының шығармашылығынан алынған “Неғып жатыр” өлеңін Сағындыққызы Дильназ, Серік Тұрғынбекұлының «Жүсіпбек» атты өлеңін Уалиоллина Дамира және Ержігіт Алдияр Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінен үзінді оқып берді. Кеш барысында Манарбек Нұртілеу «Балбырауын» күйін орындап, Нурлыбаев Саят «Самға, қазақ» әнімен әдемі көңіл күй сыйлады.
Жаратылыстану-география факультетінің декан орынбасары К.С.Удреева, ғылыми кітапхана директоры Т.Е.Алимбекерова, кітапханашы В.С.Мухтарова кешті қорытындылап көрермендерге ризашылығы мен алғысын білдірді.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби ғылыми мұра қалдырды. Ол Л.Н.Толстой, Н.В.Гоголь, Дж.Лондон, В.Гюго, А.С.Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы. Педагогика, психология, методика, эстетикалық тәрбие бағытында мақалалар жазған жазушы. Кеш өте әсерлі өтті.
Наурыз - береке бірлік бастауы
14 наурыз 2024ж. педагогика, мәдениет және өнер оқу залында ғылыми кітапханамен «Көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және мамандарын дайындау» БББ оқытушылар мен студенттердің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орай «Наурыз - береке бірлік бастауы» атты мәдени іс-шара өткізілді. Бұл мәдени іс-шараның мақсаты: қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып, ата-баба салтын сақтай отырып, ұлттық ойындарды дәріптеу.
Шара барысында «Қонақ күтуге», «Баланың туылуымен және тәрбиесіне», «Неке құруға» байланысты салт-дәстүрлер туралы ПиМНО-у23 студенттері Қосаев Тұрғанбек, Нурмуханова Н.А., Дағыстанова І.Б., Амреева К.Р. айтып , Амангелді Зинейра«Әриайдай» әнімен іс-шарамыздың көркін аша түсті. Сән және киім дизайны студенттерінің шығармашылық жұмыстарынан сән көрсетілімі тамашаланды. Хореография-11 студентері «Кербез» биін биледі. Оқытушы Мэлс Тасқалиұлының жетекшілігімен студенттер арасында «Асық» ойыны ойнатылып, нәтижесінде Джулыдығалиева Ж., Шаяхметов С. жеңіске жетті.Сазды аспаптар шебері Досқалиев Бейбітәлі Динкиевич домбыраның түрлері,қалай жасалу жолдары туралы айтып өтті. Құрманғазының «Сарыарқа» күйін Хожахметов Мирас орындады.
Шара соңында «Қара жорға» биі тамашаланып, Наурызға арналған дастарханнан келген қонақтар дәм татты.Шараны кітапхана директоры Тоты Еркінқызы қортындылады. Бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шарамыз өз мәресіне жетті.
Страница 2 из 50