ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыл оқырманы 2022

   

Тәуелсіздік- ел мәртебесі, теңге- ұлт мақтанышы

11ші қараша күні университетіміздің Ғылыми кітапханасында «Ұлттық теңге мәртебесі» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның  мақсаты  келешек жас ұрпаққа теңгенің тарихы мен маңызын  түсіндіру. Аталмыш шараға  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Батыс Қазақстан облысы филиалының  экс директоры, қаржы саласының еңбек сіңірген қызметкері, қоғам қайраткері Сатыбалдина Галия Камчатовна,  «Есеп және қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы  қатысып, студенттерге  Қазақстанның ұлттық ақшаға  көшу тарихы мен ұлттық теңгеміздің  айналымға кіруі туралы  ақпаратпен   бөлісті.

Педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент Кусаинов Рахметолла Кусаинович  ұлттық теңгеміздің ескі жәдігерлерінен   бастап   жинаған ертеректегі қағаз  тиындарымен, ақшаларын, сонымен қатар ұлттық салт—дәстүрге байланысты  шығарылған «Шашу» деп аталатын  монеталарын баршаның назарына ұсынды.  Нумизматика саласына қызығушылық танытатын Рахметолла Кусаинович бұл құнды жәдігерлерді келешек ұрпаққа ұлттық валютамыздың  тарихы ретінде насихаттау үшін жинайтынын айтты. Жаратылыстану- география факультетінің  1 –ші  курс студенті Жексенұлы Нұрсұлтан Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындап  көрермендердің көңілін тебірентті. «Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей» деп Сократ айтқандай, алдарыңа  арман  қоя біліңдер, құрметті оқырмандар! Армандар орындала берсін!

   

Мамандығым мақтанышым

Республика күні және кітапханашылар күніне орай еңбек ардагері Бурекешева Гулжан Тулегеновна мен бөлім меңгерушісі Айна Габдуалиева "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төс белгісімен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

   

24 қазан Кітапханашылар күні

Құтты болсын!

   

Менің Отаным Қазақстан

Қазан айының 21-жұлдызы «Менің Қазақстаным» атты тақырыбында 25 қазан Республика күніне орай Педагогика факультетінде Ғылыми кітапхана ұжымы мен Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ұйымдастыруымен танымдық шара өткізді. Шараның мақсаты студенттерді саналы, парасатты азамат етіп, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, елдің әр мерекесін мақтанышпен қарауға баулау. Мерекелік шараның алғы сөзін кітапханашы Гульшира Айташова алып, мол мұрасына көрме жасақтап оған шолу жасап таныстырды. Шара ары қарай сұрақ-жауап бөлімімен жалғасып, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс белсенді студенті Көшкінбаева Әмина- «Ана» атты өлеңін мәнерлеп оқып, Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс студентті Бақытжанов Тілеужан мен Нұрлыбекова Дильназ «Қазіргі Қазақстан және өткен Қазақстан» атты презентацияға шолу жасап, Есенгелді Назерке «Шекара» атты өлең жолдарын оқып әсемдеді. Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр, -дей келе қорытынды сөзімен Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Лаззат Мутиголлакызы педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Әйгерім Самиғоллақызына қорытынды сөз берілді. 

   

Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл

20 қазан күні қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың 100-жылдығына орай «Тарих, экономика және құқық» факультетінің оқу залында «Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова» атты іс - шара өтті. Шараның мақсаты: Кеңес Одағының Батыры туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, студенттерді ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Кешімізді ашу үшін тарих кафедрасының оқытушысы, магистр Гульфия Айбекова сөз алды.Әрмен қарай кеш «Батырлар елі. Мәншүк Маметова» атты бейнебаянмен жалғасты. Шараға тарих факультетінің студенттері қатысты. Кеш барысында тарих мамандығының 1 курс студенттері Ажмуратова Лунара, Ниязова Тұрсынай, Жәрдем Аяулым Мәншүк Мәметова туралы қалам тербеген ақын- жазушылардың өлеңдерін тарту етті. Тарих мамандығының 1 курс студенті Жәрдем Аяулым Халықаралық қатынастар мамандығының 1 курс студенті Өтепқали Бекзат «Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен»,- деп армандаған батыр қазақ қыздарына арналған ән мен күй орындады. Сонымен бірге тарих мамандығының 1 курс студенті Болатова Нағима Мәншүктің анасына жазған хатынан үзінді оқып, Бақытжанов Ернар батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдерді толықтыру айдарымен жалғастырды. «Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова» атты кітап көрмесіне кітапханашы Аксана Нұрсафина библиографиялық шолу жасады. Шара соңында оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Айна Габдуалиева шараға қатысқан оқырмандарға өз ризашылығын білдірді.

   

Страница 10 из 50