ЖАҢАЛЫҚТАР

Байрон әлемі

Aқпан айының 8 күні ұлы ағылшын ақыны Джордж Гордон Байронның шығармашылығына арналған атты әдеби кеш өтті.

Орыстың ұлы сыншысы Белинский: «Әрбір ұлы ақынның ұлылығының өзі – оның қасіреті мен қуанышы қоғам өмірімен, тарихымен терең тамырлас болуында,-дей келіп, – тап осындай өмірі де, шығармасы да тарихи-қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болған орасан зор ақын – Байрон», — деп құрметпен жазған. Пушкин, Лермонтов сынды поэзия кемеңгерлерінің өзі Байронның ғажайып ақындық даналығы мен адамзаттың азат өмірін аңсау жолындағы тарихта теңдесі жоқ ересен ерлік өмірін мейлінше қадір тұтып, өздеріне өнеге санаған.

Кеш ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаяннан бастау алды. Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, магистр Насимуллина Айгүл Бисембаевна Байронның өмір жолымен шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті. Кеш барысында ақынның «Чайльд-Гарольдтың сапар шегуі» поэмасынан үзіндіні қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1курс студенті Әлібекқызы Айтолқын мәнерлеп оқыды. Шетел тілдері: екі шет тілі мамандығының 1 курс студенттері ақынның өлеңдерін «When we two parted» , "I saw Thee Weep», «She walks in beauty», «So we'll go no more a-roving» Егізова Айзерек, Кидирова Айдана , Карабалина Дильназ, Бисенбай Фариза ағылшын тілінде нақышына келтіре оқыды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері ақынның «Айырылысу» , «Уақытқа», «Романс» атты өлеңдерін Қамитова Аяулым , Кажетерова Шынар , Корчемкина Анна мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге Джордж Гордон Байрон шығармашылығына арналған «Байрон әлемі» атты кітап көрмесіне Кітапхана ісі мамандығының 4 курс машықкері Себеп Балнұр библиографиялық шолу жүргізді. Кеш соңында оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Айна Габдуалиева шараға қатысқан студенттерге ризашылығын білдірді.

Подробнее: Байрон әлемі

   

Күй атасы - Құрманғазы

Ақпан айының 2 күні университетіміздің ғылыми кітапханасында ұлы күйші,дарынды композитор Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған «Күй атасы Құрманғазы» атты іс - шара болып өтті.

Шараның мақсаты: студенттерге күйші,композитор Құрманғазының күйлерін қалдырған еңбектерін тереңдете түсу, кеңінен насихаттау. Кешті жүргізушілер: дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Көшкінбаева Әмина, пимно-13 тобының студенті Қосаев Турғанбек. Шарамызға педагогика , филология факультетінің 1,2,3- курс студенттері, «Кітапхана ісі» мамандығының 4- курс студенттері, топ жетекшісі Мухиева Гүлмира Сейтмуханбетовна қатысты.

Подробнее: Күй атасы - Құрманғазы

   

Петрищев В.П. дәрісі

20 қантар 2023 ж. «Ғылымды насихаттауға арналған ағарту орталығы» жобасы аясында география ғылымдарының докторы, доцент, Орынбор мемлекеттік университетінің геология, геодезия және кадастр кафедрасының меңгерушісі Петрищев Вадим Павловичтың офлайн және онлайн форматта «Солянокупольные ландшафты Северного Прикаспия» атты ашық дәрісі өтті. Дәріске қатысқан оқырмандар сұрақ алмасу арқылы пікірлерін ортаға салды.

   

Желтоқсан оқиғасы- тәуелсіздік бастауы

Бұл- біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы сақтап келген ұлы даланың қасиетті мерекесі. Тұғырымыз биік болсын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Отанымыздың тәуелсіздігі- халқымыздың ең жоғары құндылығы.

   

Дулат Исабеков әлемі

Ғылыми кітапхана ұжымы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Тарлан» сыйлықтарының, «Достық», «Құрмет» орденiнің иегері, Қазақстанның Құрметті жазушысы, драматург Дулат Исабековтың 80 жасқа толуына орай «Қаламы қарымды әдебиет майталманы» атты әдеби сахналық кеш болып өтті. Алдымен Дулат Исабековтың өмірі туралы бейнеролик және «Фильм үзінділері» бейнебаян көрсетілді. Жазушының шығармашылық жолы мен көркем туындылары туралы М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы кеңінен тоқталып өтті. «Әдебиеттің ең ауыр да, күрделі жанры драматургия. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жаңа заманға бейімделу, жаңа құндылықтарды дәріптеуге бет бұрғандық байқалады. Яғни, алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жастарды осы қиын да күрделі сала драматургияға тарту, тәрбиелеу керек. Себебі, қазіргі кезде қазақ драматургтары саусақпен санарлықтай»,- деген екен Дулат Исабеков бір сұхбатында.

Подробнее: Дулат Исабеков әлемі

   

Марапатыңыз құтты болсын

«Қазақстандық салалық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының кезекті пленумы өтті. Аталмыш шарада біршама қызметкерлер соның ішінде Ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты – Құс Еркінқызы «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!

   

Страница 9 из 50