ЖАҢАЛЫҚТАР

IPR SMART оқу контенті мен білім беру ресурсына тестілік қолжетімділік

Студенттер  мен оқытушылар үшін IPR SMART (сандық білім беру ресурсы) құрамында ең ірі білім базасы - электрондық - кітапхана жүйесіне (ЭКЖ) тестілік қолжетімділік ашылды (https://www.iprbookshop.ru). Тестілік қолжетімділіктің әрекет ету мерзімі - 20.02.2023 - 25.03.2023.

ЭКЖ қорында шамамен 100 мың бірлік контент бар, оның басым бөлігі дайындықтың барлық бағыттары бойынша бірегей оқу және ғылыми басылымдармен ұсынылған.

IPR SMART білім беру ресурсын пайдалану жөніндегі нұсқаулық мына логин мен пароль арқылы қолжетімді:

логин - wksu.kz

пароль - 8fz7cXRJ

   

Гульмира Джумагалиеваның "Жетістіктер тарихы"

"Жетістіктер тарихы" атты жаңа мотивациялық жоба бойынша Гульмира Джумагалиевамен кездесу өтті.

   

Сдыков М.Н. дәрісі

Археологиялық жаңалықтар мен тарихи зерттеудің жаңа әдісі Орал қаласының тарихы әлдеқайда бай және көне деген қорытынды жасауға мүмкін еккндікін, Орал казактарының шығу тарихы жаңа позициялардан қарастырылуын және заманауи зерттеулер мен өткен дәуір ғалымдарының еңбектеріне тереңірек сілтеме жасап, Орал қаласының қалыптасуының объективті тұжырымдамасына негіз болғанын атап өтті т.ғ.д, профессор Мұрат Сдыков.

Подробнее: Сдыков М.Н. дәрісі

   

Дін–тәрбиенің рухани тірегі

Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі.

14 ақпан күні Физика-математика факультеті, информатика кафедрасында ИР-11, И-11, ИС-11, ВТиПО-11 топтары мен топ жетекшісі Г.А.Дошеваның және ғылыми кітапхана ұжымының бірлесуімен ұйымдастырылған «Дін–тәрбиенің рухани тірегі» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам діні туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған және өзге діндердің ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету болатын.

Шараның құрметті қонағы «Аманат - Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Қуан Армат Құлымбекұлы қатысты. Теологпен кездесу студенттерді рухани жағынан байытатын құнды мәліметтерге толы болды. Тәрбие сағаты барысында дінді тек міндеттілік тұрғысынан емес жалпы тұлғаны рухани дамытатын құндылық ретінде талданып,түсіндірілді. Армат мырзада студенттерге өз ақыл кеңестерін беріп, білімнің дін турасындағы маңызына тоқталып кетті.

Шара барысында студенттер теолог маманға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып өз ойларымен бөлісті. Тәрбие сағаты соңында тәрбие бөлімінің аға консультанты Ж.Ешимова тәрбие мен дін турасында өз пікірін білдірді. Шараны куратор Б.С.Насырова өз сөзімен қорытындылап, көрмеге назар аударып, аяқтады.

   

Мұқағали Мақатаев туған күніне орай сауалнама

   

9 ақпан - Мұқағали Мақатаевтың туған күні

   

Страница 8 из 50