ЖАҢАЛЫҚТАР
Құттықтаймыз!!!
“6В03201 - Кітапхана ісі” БББ аға оқытушысы Сатагалиева Санди Муратовна 2023 жылдың қыркүйек айының 27 күні Қазан мемлекеттік мәдениет институтының диссертациялық кеңесінде, педагогика ғылымының докторы, профессор Калегина Ольга Анатольевнаның жетекшілігімен 5.10.4- "Кітапханатану, библиографиятану және кітаптану" (педагогикалық ғылымдар) ғылыми мамандығына сәйкес "Становление и развитие библиотечно - информационного образования в Республике Казахстан" атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Құрметті Санди Муратовна, құттықтаймыз! Сізге ғылым жолында ақ жол тілейміз!

Тұсаукесер!

08 қыркүйек 2023 ж. ғылыми кітапхана қорына заңгер, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Абзал Құспан өз туындысын сыйға тартты. А.Құспанның "Алаш заңгерлері" кітабы хх ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері туралы. Мұнда олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлесі баяндалады.
Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің хроникасы
Ғылыми кітапхана қорына Сыртқы істер министрлігінен сыйға «Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің хроникасы» атты жаңа кітап түсті. Басылымда қазақстандық консулдық қызметтің қалыптасу тарихы, бейнеленген, консулдық қызмет қызметкерлерінің, оның ішінде шетелде қызметтік борышын атқаруға ерен еңбектері баяндалған. Сондай-ақ консулдық тарихи очерктер, оқиғалар мен фактілер берілген. Аталған кітап халықаралық қатынастар және құқық мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерімізге, сонымен қатар, дипломатиялық және консулдық қызмет саласына қызығушылық танытқан қалың оқырманға аса пайдалы деп сенеміз. «Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің хроникасы»кітабымен тарих, экономика және құқық факультетінің оқу залында танысуға болады.
Экслибрис

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №10 хаттама шешімімен ғылыми кітапхананың
экслибрисімен бекітілді.
Ғылыми кітапхананың экслибрисінің авторы өнертану ғылымдарының магистрі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, аға оқытушы Нұрдәулет Асқарұлы
Хабадашев.
Конкурс «Дауылпаз жырдың тарланы»

Алғыс айту - асыл қасиет
Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді.
Осыған орай Ғылыми кітапхана ұжымы «Алғыс айту –асыл қасиет» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Аталмыш шараға М.Өтемісов атындағы БҚУ – дың Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Турганалиева Ганмиркун Ганмирхановна, мәдениет және өнер факультетінің дыбыс операторы Нурмуханов Қайыржан Гайсагалиевич, редакциялық баспа орталығының дизайнері Абдуллина Асель Жанбырбаевна, информатика кафедрасының оқытушысы, магистр Насырова Бұлбұл Сагингалиевна, шаруашылық қызметінің жетекшісі Нұрқаетов Мағжан Қайратұлы,
Гости вечера поблагодарили сотрудников научной библиотеки за замечательныйдәрігерлік бөлімшенің мейірбикесі, ақ халатты абзал жан Макулова Гульжамал Кадемовна және студенттер қатысты.
Шара барысы таныстыру, алғыс білдіру, ән- шашу бағытында өрбіді. Филология мамандығының 1-курс студенті Диляра Жеңісқызы «Жақсы адамдар» және мәдениет және өнер факультетінің вокалдық өнер мамандығының 3 курс студенті Махсотова Айнара «Алғыс» әнімен кеш қонақтары мен бірге әуелете отырып кештің сәнін келтірді.
Ғылыми кітапхана ұжымына кеш қонақтары көңілді әрі қызықты кеш үшін ризашылықтарын білдірді. Ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркінқызы кеш қонақтарын мерекемен құттықтай отырып, өз алғысын білдірді. Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштыз. Жүрегіміз нұрға, көңіліміз жырға толып, әдемі еске қалар күні ғана емес, әрдайым бір- бірімізге жылы лебіз - тілектерімізді аямай жүруді сезіндік. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы кеп тұратының естен шығармайық. Кездесу кеші қызықты әрі әсерлі өтті.
Страница 7 из 50


