ЖАҢАЛЫҚТАР
Жыл оқырманы - 2023
XXI ғасыр - білім, ғылымның ғасыры. Ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге аян. Сондықтан , еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін мәдени орталыққа айналып отырған бұл –Кітапхана. Жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің тұлғалық дамуына, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету, белсенді оқырмандарды анықтап, ынталандыру мақсатында Ғылыми кітапхана жыл сайын «Жыл оқырманы» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырды.
Мақсаты: кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды оқуға тарту, студенттер арасынан үздік оқырмандарды айқындау. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, жан-жақты білімді оқырмандар санатын қалыптастыру. Осы орайда «Жыл оқырманы – 2023» байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға әр факультет студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Шараның алғы сөзін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан атындағы басқарма мүшесі, проректор г. ғ.к. профессор Ахмеденов Қажымұрат Мақсотұлы кітапхананың ерекшелігін, маңыздылығын атап ,студент жастарды кітап оқуға, білім алуға шақырды.
Кеш қонақтары «Жыл оқырманы - 2022» номинациясын жеңіп алған университетіміздің түлегі, қазіргі таңда Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Тасболатов Айдос Қанатұлы, Филология факультетінің 1 курс магистранты Ізденімпаз оқырман – 2022 номинация жеңімпазы Сағынбаева Дәметкен Талғатқызы жеңімпаздарды құттықтап, жастарды кітап оқуға насихаттады.
Биылғы «Жыл оқырманы» байқауының «Белсенді оқырман – 2023» номинациясын жеңіп алған Филология: қазақ тілі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Санат Аманбек, «Ізденімпаз оқырман - 2023» номинациясын «Биология-география» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Тунгатар Жангүлім Серикқызы , «Өнерпаз оқырман - 2023» номинациясын дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Хожахметов Мирас жеңіп алды. Кешіміздің ең басты номинациясы «Жыл оқырманы - 2023» номинациясын университетішілік үздік студент марапаттау шарасында анықтап, бірге асыға білетін боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!
Әлем әдебиетінің данышпаны - Шекспир
29 қараша 2023 ж. «Библиотур» жобасы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылған ұлы ақын, драматург Уильям Шекспирдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем әдебиетінің данышпаны - Шекспир» тақырыбында әдеби кеш өтті. Шараға оқытушылар құрамы мен университет студенттері және Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері қатысты. Кеш барысында Шекспирдің өмірбаяны мен өміржолындағы деректермен Шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Сыдыхова Зауреш қызықты мәліметтермен бөлісті. Комедия, трагедия және тарихи шежіре жазудың майталман шебері Шекспирдің қаламынан 37 пьеса, екі поэма және 154 сонет пен лирикалық өлеңдер туған. Лирикалық өлеңдерін Шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Сәлім Ақнұр "To be or not to be", Абдушева Мадина" Sonnet 66" нақышына келтіре оқыды. "Мұрагер" студенттік театрының Режиссура білім беру бағдарламасының 2 курс студентері Нұрлыбай Нұрғали, Сиражев Нұрқат, Танбаева Наргиза, Сырлыбайқызы Айшагүл, Ермек Аида драматургтің «Асауға тұсау» комедиясын оқырман назарына ұсынды. Уильям Шекспир - әлемдегі ең әйгілі драматургтердің ішіндегі бірегейі. Оның қаламынан туған Гамлет, Отелло, Король Лир, Макбет және Ромео мен Джульетта сияқты көптеген пьесалар әлемдік классикаға айналды.
"Альманахъ" баспа үйі
Сыйға тартылған кітаптар
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан сыйға тартылған кітаптармен таныс болыңыздар!
Республика күні
Республика күні – бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл – күй орнайтын ,сыйлайтын айтулы күн.Республика күніне орай ғылыми кітапхана қабырғасында «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан», Қазақстанымыздың Егемендігіне қатысты дәріс,"Менің Қазақстаным","Республика күні - Қазақстан халқы тұтастығы мен бірегейлігі символы",«Жасай бер, Қазақ елі», «Мәңгі жаса туған елім!» атты іс – шаралар, кураторлық сағат оздырылды. Шараның мақсаты: жас ұрпақты туған жерін, елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту,саналы, парасатты азамат етіп, еліміздің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, елдің әр мерекесін мақтанышпен қарауға баулу, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. "Республика күні - ұлттық мереке"," Менің Қазақстаным" тақырыбында кітап көрмелері шығарылды.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
ACSH сандық кітапханасы
Астана мемлекеттік қызмет хабы өз ілтипатын білдіре отырып, төмендегіні хабарлайды.
Астана мемлекеттік қызмет хабы https://www.astanacivilservicehub.org
Мемлекеттік қызметті реформалау бағытында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етуші көпжақты халықаралық ынтымақтастық платформа ретінде әріптестікті дамыту, әлеуетті арттыру, ғылыми және аналитикалық зерттеу жобаларын жүзеге асырады.
Осы орайда, қазіргі таңда мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігінің аса ерекше маңызды екенін ескере отырып, Хабтың соңғы басылымдарымен (кейстер, зерттеу нәтижелері, журнал) мына сілтеме бойынша танысуға болатынын хабарлаймыз: https://www.astanacivilservicehub.org/ru/library
Мемлекеттік басқару:
• Ашық [мемлекеттік] деректердің саясаты мен практикасы
• Постсоциалистік елдердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша кейс – стади
• Мемлекеттік аппаратты бюрократизациялау, оның ішінде ішкі әкімшілік рәсімдерді зерделеу мәселелері бойынша мониторинг және талдау нәтижелері
• Жанашыр басқару
• Мінез – құлық мемлекеттік саясаты: Қазақстан мен Еуразия өңірі үшін жаңа мүмкіндіктер мен сын тегеуріндер
• 21 ғасырдағы мемлекеттік басқару
• Посткеңестік 15 елдегі мемлекеттік басқару эволюциясы: трансформацияның әртүрлілігі
• Грузиядағы жергілікті басқару жүйесінің сипаттамасы
• Пандемия кезіндегі мемлекеттік басқару
Страница 6 из 50