ЖАҢАЛЫҚТАР
Ғылыми кітапхана қоры жаңа монографиямен толықты
03.01.2024ж.
Әбділманов А.Ә. Арнаулы сала тілін қалыптастырудың ғылыми – практикалық негіздері (мұнай және газ кенорындарын игеру мен пайдалану саласы терминдері бойынша) / А.Ә.Әбділманов. – Орал: «QUANYSN» баспасы, 2023. - 276 б.
Монографияда қазақ тіліндегі мұнай мен газ саласына қатысты қолданып жүрген лексикалық бірліктердің терминдену үдерісі мен әлеуеті зерттеуге алынған. Ізденіс жұмыста тұтас сала тілінің арнаулы сипатын анықтап арнаулы сала тілі екендігін анықтауға талпынған.
Кітап жоғары оқу орындарының филолог- студенттері мен терминология, арнаулы мақсаттар тілі мәселелерін зерттеушілерге және мұнай – газ саласы борйынша аудармашы мамандарға арналған.Зерттеу жұмысы қазақ тілінде қалыптасқан терминдер мен терминүміткер сөздердің әр жылдардағы статикалық еңбектерде (оқу құралдары, еңбек жорналдары, сөздіктерде т.б) талдау, саралау, салыстыру негізінде жүргізілген.
Мерейтой!
01.01.2024ж. Бүгін әріптесіміз, аяулы ана, Ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызын мерейлі 50 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
оты Еркінқызы өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз сізді білікті маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Бүгінгідей мерейлі сәтте сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Бұл салада сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен, адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз. Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз. Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз - туған күніңіз құтты болсын!
Жаңа жылдық құттықтау!
29.12.2023ж. Жаңа жыл қарсаңында ректорымыз Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевтың атынан ғылыми кітапхананың ардагерлерін жаңа жылдарымен құттықтадық. Ардагерлер жылы лебіздері мен өз ризашылықтарын білдірді. Жаңа жылда жаңа табыстарға жете берейік!
Үздік жыл оқырманы - 2023
28 желтоқсан 2023 жылы “Махамбет үздіктері-2023” премиясының салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Бұл рәсімде “Үздік жыл оқырманы” аталымының жеңімпазы Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс студенті Көшкінбаева Әмина Кәдірқызы иеленді. Әмина 1-4 курс аралығында кітапханаға 73 рет келіп, 92 кітап оқыған. Факультет белсендісі ФКС -43 тобының старостасы, педагогика факультетінің студенттерінен құралған “Ақниет” еріктілер ұйымының жетекшісі, ғылыми кітапхананың тұрақты оқырманы, өткізілген шараларға белсенді қатысушы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің тұлғалық дамуына, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету, белсенді оқырмандарды анықтап, ынталандыру мақсатында Ғылыми кітапхана дәстүрлі түрде жыл сайын «Жыл оқырманы» байқауын өткізеді. Мақсаты: кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды кітап оқуға тарту. Былтырғы «Жыл оқырманы - 2022» номинациясын жеңіп алған Тасболатов Айдос Қанатұлы қазіргі таңда Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері. Қазіргі жеңімпазымыз "Үздік жыл оқырманы" номинациясын иеленген Көшкінбаева Әминаны марапатымен құттықтаймыз. Алар асулары көп болсын.
Сыйға тартқан кітаптар!
27.12.2023ж. Профессор Кажмурат Максутович ғылыми кітапхана қорына жеке кітапханасынан кітаптарын сыйға тартты. Ризашылығымызды білдіреміз!
Кітапханалық технологиялар мектебі - 2023
Ағымдағы жылдың 4-8 желтоқсан аралығында ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығы мен Назарбаев Университетінің кітапханасы бірлесіп ұйымдастырылған "ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КІТАПХАНАСЫ: БАСҚАРУ, РЕСУРСТАР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НЫСАНДАРЫ" тақырыбында семинар – тренингіне ғылыми кітапхана қызметкерлері Тоты Алимбекерова мен Гульмира Джанбаева қатысып, тәжірибе алмасып келді.
Семинар-тренингте кітапханалық менеджмент, ЖОО-ның ғылыми қызметін қамтамасыз ету, кітапхананың зерттеу деректерін басқару, ЖОО-ның жариялау қызметін сүйемелдеу, ЖОО кітапханасындағы е-ақпараттық ресурстарды басқару, кітапхананың медиа және ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі қызметі, жасанды интеллект және кітапханалар, кітапхана маркетингінің стратегиялары, әлеуметтік-мәдени орталық ретінде университет кітапханасы, кітапхананы барлығына қалай қол жетімді және қонақжай етуге болатыны, мүгедектігі бар адамдардың цифрлық білім беру және ақпараттық ресурстарға қол жеткізудегі ерекшеліктері, басшылық бағдары мен шешімдері, мүгедектік туралы этикалық кәсіби тұрғыда сөйлесу және жазу туралы айтылып, үйретілді.
Берілген тәжірибені қызметімізде қолданатыны анық. Осы орайда басшымыз Нурлан Сергалиевке қолдау көрсеткен үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Страница 5 из 50