ЖАҢАЛЫҚТАР

Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла

14 ақпан 2024ж. Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылған «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла» атты акциясы аясында университетіміздің ғылыми кітапханасына тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Альфия Байбулсинова өз еңбектерін сыйға тартты. «Қазақстан қалаларының тарихы» деп аталатын оқу құралында қазақ даласындағы көне қалалардан бастап күні бүгінге дейінгі Қазақстан Республикасының астанасы болған қалалар мен өзге қалалалары туралы жан-жақты мағлұматтар қарастырылған.

«Бөкей ордасы» атты монография еліміздің батыс аумағында маңызды әрі өзіндік орны бар Бөкей Ордасының құрылған уақытынан бүгінге дейінгі тарихы жан-жақты баяндалған. Еңбекте автордың ұзақ жылдық ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесі және Бөкей Ордасынан шыққан тарихи тұлғалар туралы зерттеулерінен жинақталған.

Үшінші ағылшын тілінде жарық көрген «History of Medieval Kazakhstan» - Қазақстанның орта ғасырлар тарихы деп аталады. Оқулықта XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы кезеңінен Қазақ хандығының соңғы кезеңінің соңы мен XVIII ғасырдың басына дейінгі Қазақстанның ортағасырлық тарихы мен ғылыми зерттеулері туралы деректер қамтылған. Саяси тарих Қазақ мемлекетінің халықаралық қатынастарын Қазақ хандығының хандары басқарғандығы және олардың өз елінің мүддесі үшін атқаратын мемлекеттік қызметтері туралы. Оқулықта Қазақ хандығының этникалық тобының қалыптасу проблемалары, қазақ этнонимінің мәселелері, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ортағасырлық мәдениеті сипатталған. Бұл оқу құралдары мен монография жоғары оқу орындарының тарих мамандығы бакалавр студенттеріне, магистранттар мен орта мектептің тарихшы мұғалімдеріне және тарихқа қызығушы көпшілік қауымға арналған.

Кітапхана қоржыны тағы бір көркем әдеби кітапқа толықтырылды. Дэниел Киздің «Цветы для Элджернона». Это единственная история в жанре научной фантастики, автор которой был дважды награжден сначала за рассказ, а потом за роман с одним и тем же названием, героем, сюжетом. Тридцатитрехлетний Чарли Гордон -умственно отсталый. При этом у него есть работа, друзья и желание учиться. Он соглашается принять участие в опасном научном эксперименте в надежде стать умным...Эта фантастическая история обладает поразительной психологической силой и заставляет задуматься над общечеловеческими вопросами нравственности: имеем ли мы право ставить друг над другом эксперименты, к каким результатам это может привести. Бұл көркем әдебиетті университетіміздің «Химия» БББ 1 курс студенті Құрметов Данияр сыйлаған болатын.

Мүтиев З.Ж. Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы рухани жаңғырту (Орал өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы. ХХ-ХХІ ғасырдың басы) : хрестоматия. 3-кітап

Мүтиев З.Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық (Батыс Қазақстан аймағы ақын -жазушыларының шығармашылығы негізінде) : хрестоматия. 1-кітап.

   

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл

Қазақ әдебиетінің негізін салушы,ақын,қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай ғылыми кітапхананың мәдениет және өнер оқу залында Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби шара өткізілді. Бұл кештің мақсаты: оқырмандарға жалындаған жас ғұмырын еліне,халқының болашағына арнап,қазақ халқының күйінің тұмшалаған қараңғылығына налып,білімді сауатты, жан-жақты оқыған,жаңашыл қоғамның өмірін аңсап,армандап кеткен дара ақын І.Жансүігіровтың шығармаларын насихаттау. Кешке педагогика мамандығының студенттері және оқытушылар қатысты. Әдеби кеш жүргізушілері: ПиМНО-у23 студенттері А.Гумарова, І.Дағыстанова  Кеш қарсаңында І.Жансүгіровтың өмір жолы туралы бейне жазба көрсетілді. Студенттер ақын өлеңдерін Т. Қосаев «Ағынды менің Ақсуым», К.Амреева  «Өзіме», Н.Нұрмуханова «Күйге», П.Тукес  «Арыным», Р.Батаева «Бұлақ бойында» оқыса, Жақұт Абаева «Туған жер» әні және Мирас Хожахметов Дәулеткерейдің күйі «Көрұғылы»-ны орындап, одан әрі кешіміздің ажарын аша түсті. Сонымен қатар 1-курс студенттері ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан стендпен таныстырды. Кітапханашы Г.Ш.Айташова кітап көрмесімен таныстырды. Кеш барысында оқытушылар Г.С.Мухиева, Б.Е.Ерболат, А.Ж.Кенжегалиева  І.Жансүгіровтың қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етіп, жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырғандығын айтып өтті. Ғылыми кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Садап Сүйесінқызы алып қасиетті Жетісу өңірінің топырағынан жаралған данышпан ақын атамыздың шыншылдық пен ерлікке толы шығармалары жоғары бағаланып, ол өзінің оқырмандарын,мақтаныш етер ұрпағын тапты деп қорытындылады.

.

   

«Батыс Қазақстан жыландары» еңбегінің таныстырылымы

14 ақпан 2024ж. халықаралық кітап сыйлау күніне орай университетіміздің ғылыми кітапханасында ҚР ҒЖБМ-ің Ғылым Комитетінің АР 19675960 «Батыс Қазақстандағы жыландардың таралуы, генетикалық әртүрлілігі және сақталуы» ғылыми жобасы бойынша дайындалған профессор Ахмеденов Кажмұрат Мақсотұлының «Батыс Қазақстан жыландары» атты еңбегінің таныстырылымы өтті.

Таныстырылымға Ж.Молдағалиев атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірім кітапханасының басшылары және университетіміздің жаратылыстану-география факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар, студенттер қатысты.

Кеш барысында жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы Қ.Б.Булатова және география ғылымдарының кандидаты С.К.Рамазанов алғы сөз алып, табиғатта жыландардың маңыздылығы, олардың морфологиялық ерекшеліктері туралы баяндап, авторды жаңа еңбегімен шын жүректен құттықтады.

Профессор К.М.Ахмеденов оқырмандарды екі тілде дайындалған брошюраның мазмұнымен таныстырып ҚР ҒЖБМ-ің Ғылым Комитетінің АР 19675960 «Батыс Қазақстандағы жыландардың таралуы, генетикалық әртүрлілігі және сақталуы» ғылыми жобасы аясында https://westkazsnakes.kz арнайы сайт жасақталғанын айтты. Ол сайтта жыландар туралы мақалалар жинағы, буклеттер, кітапша көре аласыздар.

«Батыс Қазақстан жыландары» деп аталатын екі тілді брошюра Батыс Қазақстанда атап айтсақ, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында мекендейтін жыландардың 12 түрі, қауіпті және қауіпсіз жыландар, олардан сақтану жолдары, улы және улы емес жылан түрлері, олардың діни және мәдени маңыздылығы туралы.

Кеш соңында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай автор өз еңбегін қара шаңырағымыздың ғылыми кітапханасына, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана мен Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірім кітапханалар қорына, көрермендерге сыйға тартты.

   

Мен оқыған бір кітап

13 ақпан күні 2024ж. ғылыми кітапхана қабырғасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Мен оқыған бір кітап» атты жаратылыстану-география факультетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел оздырылды. Шараға «Биология және география» БББ 1 курс студенттері Шаймардан Бекзат, Ержігіт Алдияр, «Химия және биология» БББ студенті Сайлауова Диана, «Химия» БББ 1 курс студенттері Құрметов Данияр, Малқара Диляра, «География» БББ студенті Зайниева Фариза, өздері оқыған кітаптары туралы қысқаша мазмұнын баяндап берді. Кеш барысында қызықты сұрақтардан ойын ұйымдастырылып, «Химия және биология» БББ студенттері Манарбек Нұртілеу мен Сайлауова Диана көрермендерге ән мен күйден әдемі көңіл күй сыйлады. Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Ғылыми кітапханамыздың «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла» атты акциясы аясында «Химия» БББ 1 курс студенті Құрметов Данияр кітапхана қорына Дэниел Киздің «Цветы для Элджернона» атты кітабын сыйға тартты.В.В.Иванов атындағы атаулы шәкіртақы иегері, «Биология-география» БББ студенті Акберлиева Амина қатысушыларды өзінің атынан «Шешендік сөздер» атты кітапты сыйға берді.Кеш соңында ғылыми кітапхана директоры Т.Е.Алимбекерова сөз алып жалынды жастарды тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше екендігі туралы айтты. Жаратылыстану-география факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары К.С.Удреева іс-шараны қорытындылап, студенттерге халықаралық кітап сыйлау мерекесінің маңыздылығын насихаттады. Кеш барысы өте әсерлі, қызықты өтті. Студентердің кітап оқуға деген қызығушылықтары жоғары.

   

Қазақтың қылқалам шебері - Әбілхан Қастеев

31 қантар 2024ж. мәдениет және өнер оқу залында Көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау БББ оқытушыларымен бірігіп суретші, қазақтың тұңғыш профессионал живописшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жыл толуына орай «Қазақтың қылқалам шебері - Әбілхан Қастеев» атты іс-шара өткізілді.

Бұл кештің мақсаты: суретші Ә.Қастеевтің өмірбаяны, өнер және шығармашылық жолы туралы мәлімет беру, таныстыру. Кешке мектептегі көркем еңбек және дизайн, педагогика мамандықтарының студенттері және оқытушылар ф.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, аға оқытушы Т.Ә.Хамзин, аға оқытушы М.Т.Отаров, аға оқытушы, магистр, ҚСО мүшесі Н.А.Хабадашев, аға оқытушы, магистр Дүйсенбаев А.Ж  қатысты.

Кеш барысында педагогика мамандығының 2-курс студенттері П.Тукес суретшінің өміржолдары мен шығармашылығына кеңінен тоқталып таныстырса, Т.Қосаев –И.Үркембайұлының «Қылқаламның атасы», І.Дағыстанова «Художник Қастеев» атты өлең жолдарын, Мирас Хожақметов Құрманғазының «Сарыарқа»күйін тарту етті. Сонымен қатар суретшінің шығармашылығы жөнінде бейне ролик көрсетілді.

Студенттер «Қылқалам», «Ақпарақ», «Кескіндеме»атты топтарға бөлініп суретшінің шығармасынан көшірме орындау және алған тақырыбы бойынша оқырманға таныстырды . Үздік деп танылған үш студент жұмысына аға оқытушы, ҚСО мүшесі М.Т.Отаров арнайы тоқталып марапаттады. Олар: ДизИ – 21 тобының студенті Аманжан Лилия, Мидк -11/1 тобының студенті Хуспанова Ясмина, ХТиДШ -21 тобының студенті Садирова Гүлдана. Шарада қатысушы студенттерді белсенділік танытқаны үшін ғылыми кітапхана директоры Т.Е. Алимбекерова атынан алғыс хаттармен оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі С.С.Нургалиева марапаттады. Студенттердің салған суреттеріне оқытушылар өз пікірлерін білдірді. Кітапханашы Гүлшира Шәденқызы кітап көрмесіне шолу жасады. Кеш соңында аға оқытушы Т.А.Хамзин шараның маңыздылығына тоқтала өтіп, студент жас суретшілерге ақыл кеңесін айтып өтті. Шара өз мақсатына жетті.

 

 

 

 

 

   

Қормен жұмыстану

12 қантар 2024ж. Ауа райына қарамастан бір корпустан басқа корпусқа кітап тасумен өткен жұма күніміз. Бір отбасының қыздарындай  - біздің ұжым осындай!

   

Страница 4 из 50