ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға ұсынылды. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Осы орайда ғылыми кітапхана қабырғасында 28 ақпан 2024ж. көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» аттты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш жазушының шығармашылығына арналған бейнебаяннан бастау алды.

Кеште БҚУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінен үзіндіні «Мұрагер» студенттік театры, театр жетекшісі Хореграфия және мәдени – тынығу БББ аға оқытушысы, магистр Искакова Индира Идиятовна, рөлде: Мәдениет және өнер факультетінің 2 курс студенттері Ермек Аида, Сырлыбайқызы Айшагүл, Мақсотов Арман әсерлі, қызықты орындап көрермен ықыласына бөленді.

Жазушының шығармаларынан сұрақтар қойылып, студенттер белсенді қатысты. Әрмен қарай кештің сәнін келтіре «Мен Қазақпын» әнін музыкалық білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Мухитов Мәулет және «Самға» әнімен география – биология БББ 1 курс студенті Сайлауова Диана әуелете шырқады.

Жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесіне оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі С.С.Нургалиева библиографиялық шолу жүргізді.

   

«Жыр дүлдүлі Кенен» Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл

27 ақпан 2024ж. педагогика мәдениет және өнер оқу залында халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жылдығына арналған «Жыр дүлдүлі Кенен» тақырыбында мәдени-танымдық іс шара өткізілді.

Шараның мақсаты: оқырмандарға ақынның жыр мұраларын кеңінен дәріптеу, ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, жастарды өнерге баулу, азаматтық белсенділігін нығайту,өшпес із қалдырған Кенен Әзірбаев туралы түсінік беру.

Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шара «режиссура, хореография, мәдени-тынығу жұмысы» БББ аға оқытушысы, магистр Султанова Мендигул Есламғалиевнаның, және осы білім бағдарламасының 2,3-курс студенттерімен ұйымдастырылды.

Мәдени-танымдық іс шара жүргізушілері Дина Ербузова мен Бағдат Есламгалиев кеш барысында К.Әзірбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, ақынның «Бозторғай» әнінің туу тарихы туралы мағлұмат беріп, ол бейнебаянда көрсетіліп, тамашаланды. «Режиссура, хореография, мәдени-тынығу жұмысы» БББ студенттері Ернар Аманжол, Аида Ермек, Нұрзада Медетқызы ақынның «Балалар, ата-ананың қадірін біл», «Қуанышты күн», «Базар, Назар», «Жүз жасаған Жамбылға» атты өлеңдерін оқырмандарға тарту етті. Жамбылова Қарақат, Ниетқали Аружан (дәстүрлі музыкалық өнер, халық әні БББ аға оқытушысы, магистр А. Мухамбетжанова сыныбы студенттері) ақынның «Басты өлең», «Жетісу әні» атты әндерін нақышына сай орындап кешіміздің ажарын аша түсті.

Аға оқытушы, куратор М.Е.Султанова тақырып маңызына тоқталып, кітапханашы Г.Ш.Айташова кітап көрмесімен таныстырып, кешке қатысқан студенттерге алғысын білдірді.

   

Алғыс айту – парызым!

Мереке қарсаңында ғылыми кітапхана қабырғасында «Алғыс айту – парызым!» атты мерекелік кеш өтті. Кешке М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың Хореграфия және мәдени-тынығу БББ аға оқытушысы, магистр Искакова Индира Идиятовна, Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы аға оқытушы, магистр Маденова Лаззат Мутиголлиевна, университет тазалығы үшін ат салысып жүрген қызметкерлер, аяулы ана Габдушева Алия Байтурсыновна мен Нуришова Гульзада Жексенбаевна және студенттер қатысты.

Кеш мәдениет және өнер факультетінің вокалдық өнер БББ 4 курс студенті Махсотова Айнара «Жақсы адамдар» , “Алғыс” әнін шырқаумен басталды. Әрмен қарай кеш қонақтары мен студенттер арасында қызықты ойындар ойнатылып, жылы лебіздерін білдіріп әсерлі көңіл күй сыйлады. Ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы мерекемен құттықтап, кеш қонақтарын мен студенттерге өз алғысын білдірді. Кеш қонақтары көңілді әрі қызықты кеш үшін ұжымға ризашылықтарын білдірді.

Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштыз. Жүрегіміз нұрға, көңіліміз жырға толып, әдемі еске қалар күні ғана емес, әрдайым бір-бірімізге жылы лебіз-тілектерімізді аямай жүруді сезіндік. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы кеп тұратының естен шығармайық.

   

"Франция еліне саяхат" Жорж Сандтың туғанына 220 жыл

21 ақпан 2024ж. ғылыми кітапхана қабырғасында белгілі француз жазушысы Жорж Сандтың туғанына 220 жыл толуына орай «Жазушы болу – үлкен өнер» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кешке шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдармасының 1,2,3 – курс студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Шарада жазушының өміржолына арналған бейнебаянмен Шет тілі: екі шет тілі БББ 3-курс студенттері Қайырова Томирис, Майлықұл Бахтияр екі тілде таныстырып өтті.

Аға оқытушы С.Б.Бекмухамбетова Жорж Сандтың шығармашылығына кеңінен тоқталып қызықты мәліметтермен бөлісті. Жазушының нәзік жандыларды гүлдерге теңестіріп жазған еңбегіндегі гүлдер туралы өлең шумақтарын ‘Le temps du muguet’ Ия-33топ студенттері Қауыс Амина, Мизамова Айсулу, Ажгереева Томирис, Жамбылова Дина, Махмудова Малика, Махамбетова Нұржанат нақышына келтіре орындап берді. Жорж Сандтың көптеген нақыл сөздері мен афоризмдер жиынтығын Аскарова Данель, Колганатова Алау айтып өтті. Жазушының өмірі туралы ‘De ma vie’ өлең шумақтарын Ия-33 топ студенті Сатанова Алтын оқыды. Кеш соңында ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы әсерлі, қызықты кеш үшін студенттерге өз ризашылығын білдірді. Кеш соңы La scene әсем әнімен қорытындыланды.

   

«Алаш идеясы - Тәуелсіздік идеясы» Асылбек Сеитовтің туғанына 130 жыл

19 ақпан 2024ж. тарих, экономика және құқық факультетімен бірігіп Алаш қайраткері, ғалым, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, денсаулық саласының аса көрнекті өкілі Асылбек Жұманұлы Сеитовтің туғанына 130 жыл толуына арналған «Алаш идеясы - Тәуелсіздік идеясы» атты іс-шара өтті. Асылбек Жұманов – Алаш Орданың Ақмола облыстық комитеті басшыларының бірі болған, ұлт-азаттық қозғалысына үлкен үлес қосқан, Семей қаласында көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында қызмет еткен тұлға.

Іс-шараға магистр А.С.Губай, декан орынбасары С.М.Утешева, лаборант Б.Бейбітқызы, ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлім меңгерушісі С.С.Нурғалиева, кітапханашы Г.Ш.Хибашева  және ИСТ-31, ИСТ-33 топ студенттері қатысты.

Кеш барысында Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.С.Боранбаева, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.С.Байбулсинова көрермендерге Алаш қозғалысы және Алаш зиялылары туралы баяндады.

Кеш соңында кітапханашы Г.Ш. Хибашева кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

   

«Кино - өмір айнасы» Шәкен Аймановқа 110 жыл

15 ақпан 2024ж. педагогика, мәдениет және өнер оқу залында Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Кино - өмір айнасы» тақырыбында мәдени-танымдық іс шара өткізілді. Шараның мақсаты оқырмандарға қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен,өшпес із қалдырған дара дарын иесі Шәкен Айманов туралы түсінік беру. «Қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ аға оқытушысы, магистр Маденова Лаззат Мутиголлиевнаның университетіміздің әртүрлі БББ студенттерімен ұйымдастырылды. Кешті «Шет ітілі: екі шет тілі» БББ студенттері Маулетова Айнұр мен Лұқпанова Ақұштап жалғастырып, студенттерден құралған кеште режиссердің өмірбаяны, актерлік өнері мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген фильмдерге тоқталды. Мәдени-танымдық шарада режиссердің фильмдерінен үзінді алынып бейнеролик көрсетілді, педагогика мәдениет және өнер оқу залының кітапханашысы Гүлшира Шәденқызы «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» атты көрмемен таныстырды. Шара «Музыкалық білім» БББ студенттері Әубакір Тоқтар мен Таспай Әнуардың орындауында «Ерке сылқым» күйімен ашылды. «Дене шынықтыру және спорт» БББ студенті Жалмуханбетов Ұлан мен «Тарих» БББ студенті Құрбанбай Жанболат «Алдар көсе» фильмінен көрініс қойды, «Тарих» БББ студенті Урманова Сымбат «Қыз жібек» операсынан «Шегенің ариясын» орындады. «Тарих» БББ студенті Имашев Мейіржан «Мереке» күйімен шараның сәнін келтіріп, қатысушы қонақтар студенттердің өнерін тамашалады.

   

Страница 3 из 50