ЖАҢАЛЫҚТАР
Орыс әдебиетінің негізін салушы А.С. Пушкиннің туғанына 225 жыл
6 маусым күні 2024ж. филология факультетімен бірігіп ұлы ақын, орыс әдебиетінің негізін салушы А.С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Аталмыш шараға филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты. Әдеби кеш барысында ақын, жазушының шығармашылығымен жас буынды таныстыру мақсатында «Тілдер, әдебиет және ақпарат» , «Тілдер мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» БББ студенттері арасында викториналық сұрақтар қойылып, Сабина Шархан, Ермекова Анара, Табылдиева Индира, Садыков Абылай, Жазыкова Сабина, Каржаубаева Аэдина атты студенттер А.С. Пушкиннің шығармаларын жатқа оқыды. Кеш соңында ақынның ескерткішіне гүл шоғы қойылды.
Кітаптар сыйға
05.06.2024ж. Ғылыми кітапхана қорына Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының этносаясат және азаматтық қоғамды дамыту бөлімінің басшысы Ахметов Жаннұр Бекбауұлы “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары) = Материалы Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий (20-50 годы ХХ века)” атты көп томдық кітаптарды сыйға тартты. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Мерейлі 60 жас!
24.05.2024ж. Әріптесіміз Мақпал Галиевнаны мерей жасымен құттықтаймыз!
Мерейлі 50 жас!
06.05.2024 Әріптесіміз Мазимова Раушангүл Әлібекқызын мерейлі 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңіз жемісті болсын! Әрқашан армандарыңыз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіз!
ELS «Альманахъ» қолжетімді
Алманах баспасы өзінің электронды кітапхана жүйесіне (ELS) қолжетімділікті қамтамасыз етті.
Веб-сайт: almanah-library.kz. Логин мен парольді 217 кабинеттен алуға болады бас ғимарат
Кіру 24.05.02 бастап 30 күнге беріледі.
Әбжановтың Х.М. 5 томдық еңбегі
30.04.2024 ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор ӘБЖАНОВ ХАНКЕЛДІ МАХМҰТҰЛЫ БҚУ-нің ғылыми кітапханасына 5 томдық еңбегін сыйға тартты. Ханкелді Махмұтұлының Алматыдан жолдаған бағалы сыйлығын бізге жеткізген т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бақтылы Сансызбайқызына алғыс білдіреміз.
Аталған еңбектермен тарих, экономика және құқық факультетінің оқу залында танысасыздар!
Страница 1 из 50