• Kazakh
  • Russian
  • English
2010 жылғы атаулы күндер тізбегі

 

Құрастырғандар: Т. Алимбекерова, Н. Ермекқалиева
Редактор: Таушева Г.З.

 

Алғы сөз
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Күнтізбеде Қазақстан Републикасының мерекелік күндер тізбегінен кейін, үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2010 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер», екінші бөлімде бірінші бөлімде (*)  белгісімен көрсетілген айтулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген, үшінші бөлімде «Күні мен айы белгісіз айтулы күндер» тізбегі көрсетілген.
Көрсеткіште негізгі айтулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиграфиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар.
Күнтізбе соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген.
Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлерге және жалпы оқырмандарға арналады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕР ТІЗБЕГІ

1-2 қаңтар       Жаңа жыл
8 наурыз          Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз        Наурыз мейрамы
1 мамыр           Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 мамыр           Отан қорғаушылар күні
9 мамыр            Жеңіс күні
31 мамыр         Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні
4 маусым          ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні
30 тамыз           ҚР Конституциясы күні
1 қыркүйек      Білім күні
22 қыркүйек    ҚР халықтарының тілдері күні
16 желтоқсан    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


2010 жылғы АТАУЛЫ КҮНДЕР ТІЗБЕГІ

Қаңтар

5 қаңтар – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтың туғанына 75 жыл, Сырым ауданының тумысы (1935).

6 қаңтар – Орыс жазушысы А. Н. Плещеевтің Орал қаласына тоқтағанына 160 жыл (1850).

8 қаңтар – Тасқала кәсіптік-техникалық мектебінің ашылғанына 50 жыл (1960)

10 қаңтар – Қазақстанның алғашқы физигі Қайырхан Айтиевтің туғанына 100 жыл, Шыңғырлау ауданының тумысы. (1910)

10 қаңтар - қазақ жазушысы, Ұлы Отан соғысы ардагері Ильяс Есенберлиннің туғанына 95 жыл (1915-1983)

15 қаңтар* – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, журналист Сатыбалды Дауымовтың туғанына 75 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1935-2004).

17 қаңтар* – Экономика ғылымының докторы, профессор Мәжекен Есенұлы Бутиннің туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1910-1974).

20-25 қаңтар – 1-ші Орал губерниялық РКП (б) конференциясына 90 жыл (1920).

25 қаңтар – Күйші-қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қуаныш Әжімұратовтың туғанына 65 жыл, Сырым ауданының тумысы. (1945-2000)


28 қаңтар* – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Шмидт Мұсаұлы Айталиевтың туғанына 75 жыл, Орал қаласының тумысы (1935-2007).

31 қаңтар - Ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың туғанына 75 жыл, Сырым ауданының тумысы (1935).


Ақпан

1 ақпан – Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері Тауасих Мырзағалиевтың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы. (1930)

2 ақпан – Совет мемлекетінің көрнекті қайраткері Михаил Васильевич Фрунзенің дүниеге келгеніне 125 жыл (1885-1925).

9 ақпан 85 жыл бұрын ҚАССР астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді (1925).

13 ақпан – Орман достары қоғамының құрылғанына 120 жыл (1890).

15 ақпан* – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұқан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 95 жыл

20 ақпан* – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы профессор Чапай Ғабдығалиұлы Мусиннің туғанына 75 жыл, Сырым ауданының тумысы (1935).

23 ақпан* – педагог және психолог, Қазақстан мектептерінің даму тарихын зерттеген Қазақ ССР ғылым Академиясының академигі Төлеген Тәжібайұлы Тажібаевтың туғанына 100 жыл.


Наурыз

2 наурыз* – қазақ тіл зерттеушісі, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясының академигі Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 85 жыл. (1925)

7 наурыз – Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Ғаяз Абдувалиевич Кушаевтың туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1925-1992).

8 наурыз – Композитор, хор дирижері Николай Николаевич Культюшновтың туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1925-1993).

10 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орда ауданы «Бөкей Ордасы» ауданы деп атала бастағанына 10 жыл (2000).

13 наурыз – Мемлекет қайраткері Қабаш Распайұлы Оспановтың туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1915-1970).

14 наурыз -Журналист, аудармашы Мифтах Қуанышқалиұлы Жантикиннің туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1925-1992)

14 наурыз – қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдістемелік оқу құралдары мен оқулықтарының авторы, білім беру жүйесінің қызметкері Халима Адамқызы Бекмұхамедованың туғанына 85 жыл. (1925).

14 наурыз – «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің жарық көргеніне 80 жыл. (1930).

16 наурыз – Республикалық гвардия күні.

19 наурыз – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сердеш Қажымұратовтың туғанына 60 жыл, Казталов ауданының тумысы (1950).
20 наурыз – ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл (1935).

27 наурыз – театр күні.


Сәуір

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

3 сәуір – Ақын Абдолла Жұмағалиевтың туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумысы (1915-1942).

7 сәуір – Халықаралық денсаулық күні.

16 сәуір – Ғылым күні.

17 сәуір – Мемлекеттік қызметші Мірболат Хабиұлы Жақыповтың туғанына 55 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1955).

22 сәуір – қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл (1900).

24 сәуір Тілші-ғалым, қазақ тілінің сөздік құрастырушыларының бірі Қанапия Неталиеваның туғанына 85 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1925).

25 сәуір – қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 115 жыл (1895).

25 сәуір –Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы Тоқаш Бокиннің туғанына 120 жыл (1890).

26 сәуір – Тілші-ғалым, филология ғылымының докторы Жамал Айтқалиқызы Манкееваның туғанына 60 жыл, Шыңғырлау ауданының тумысы (1950).


Сәуір – Ісмер, қолөнер шебері Мейіз Қарашақызы Ибалиеваның туғанына 110 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1900-1988).

Сәуір – Орыс саяхатшысы, ғалым, Жайық алабының географиясын зерттеуші  Николай Алексеевич Северцевтің Орал қаласына тоқтағанына 150 жыл (1860).

Сәуір – Қазіргі «Уралречфлот» АҚ құрылғанына 90 жыл (1920).


Мамыр

1 мамыр – педагог, ҚР еңбегі сіңген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 65 жыл (1945).

3 мамыр       Халықаралық баспасөз күні.

7 мамыр       Отан қорғаушылар күні.

8 мамыр- журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікқали Сатыбалдыұлы Хасановтың туғанына 50 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1960).

9 мамыр        Ұлы Жеңіске 65 жыл

9 мамыр –тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Медель Жұмабайұлы Арғынбаевтың туғанына 80 жыл (1930).

9 мамыр – Жайық өзені жағалауында орнатылған Жеңіс мемориалы ескерткішінің құрылғанына 30 жыл (1980).

10 мамыр* – Мемлекет қайраткері, ғалым Махмұд Сапарғалиевтың туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1910-1970).


12 мамыр – журналист, жазушы Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың туғанына 80 жыл (1930).

13 мамыр      Медициналық бикелердің ынтымақ күні

15 мамыр      Халықаралық отбасы күні

16 мамыр - Медицина ғылымдарының академигі Павел Феликсович Здродовскийдің туғанына 120 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумысы (1890-1980).

17 мамыр      Халықаралық электробайланыс күні

18 мамыр      Халықаралық мұражайлар күні

24 мамыр – Орыс жазушысы Михаил Александрович Шолоховтың дүниеге келгеніне 105 жыл (1905-1984).

24 мамыр      Славян жазуы мен мәдениетінің күні

31 мамыр    Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Өлкетанушы, соғыс ардагері Николай Григорьевич Чесноковтың туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумысы (1925).


Маусым

1 маусым       Халықаралық балаларды қорғау күні

4 маусым      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің күні

5 маусым       Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні

18 маусым* - Жазушы, журналист Геннадий Николаевич Дорониннің туғанына 65 жыл, Орал қаласының тумысы (1945).

18 маусым – Жер дауына орай ішкі Бөкей ордасының Талов бөлігінің қазақтарының жергілікті әкімшілікке қарсы қарулы қақтығысқа шыққанына 100 жыл (1910).

26 маусым     Халықаралық нашақорлықпен күресу күні

27 маусым     Халықаралық жастар күні

Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні

Маусымның соңғы жексенбісі – Қазақстан Республикасының баспасөз күні


Шілде

1 шілде       Бүкіләлемдік сәулетшілер күні

5 шілде     Халықаралық кооперация күні

6 шілде    Астана күні

19 шілде   Халықаралық шахмат күні

3 шілде - Орыс жазушысы Владимир Галактионович Короленконың Орал қаласында болғанына 110 жыл (1900).

10 шілде - «Ақжайық» емдеу-сауықтыру орталығының ашылғанына 25 жыл (1985).

10 шілде - №3 әйелдер босанатын аурухана үйінің ашылғанына 25 жыл (1985).

20 шілде – Журналист, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Борис Борисович Пышкиннің туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумысы (1930-1996).

23 шілде – Композитор Темірәлі Бақтыгереевтың туғанына 60 жыл, Казталов ауданының тумысы (1950).

25 шілде - Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Шамшиябану Кашышқызы Сатпаеваның туғанына 80 жыл (1930).


Тамыз

6 тамыз     Бүкіл дүниежүзілік ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес күні.

3 тамыз – Журналист, Орал облыстық радио хабарларын тарату және телевидения комитетінің алғашқы дикторының бірі, редактор, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі, партия нұсқаушысы, облыстық тілдерді дамыту комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімдіктің бас маманы-аудармашысы, еңбек ардагері, зейнеткер Өтеш Керейұлы Қуатовтың туғанына 70 жыл, Сырым ауданының тумысы (1940).

9 тамыз – ғалым-тарихшы, революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеген ғалым Михаил Порфиирьевич Вяткиннің туғанына 115 жыл (1895).

10 тамыз – Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғаны 165 жыл (1845).

13 тамыз  Спорт күні

15 тамыз   Археологтар күні

15 тамыз – Кеңес Одағының Батыры Григорий Миронович Губаревтың туғанына 85 жыл (1925-1998).

15 тамыз – композитор, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80жыл (1930).

17 тамыз – Социалистік Еңбек Ері Владимир Александрович Нагурныйдың туғанына 75 жыл, Теректі ауданының тумысы (1935-2001).

18 тамыз – экономист, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ ССР жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері Яхии Әубакірұлы Әубәкіровтың туғанына 85 жыл (1925).

29 тамыз - Кеңес Одағының Батыры Иван Андреевич Куличевтің туғанына 90 жыл (1920-1979).

30 тамыз – Жазушы Сайымжан Нұрсейітұлы Еркебаевтың туғанына 75 жыл, Ақжайық  ауданының тумысы (1935-1997).


Қыркүйек

1 қыркүйек  Білім күні

1 қыркүйек – Кеңес Одағының Батыры Дмитрий Лаврентьевич Стрелецтің туғанына 90 жыл (1920-1998)

8 қыркүйек   -  Журналистер ынтымағының Халықаралық күні

9 қыркүйек   -  Бүкіләлемдік сұлулық күні

10 қыркүйек – Орыс ғалымы, табиғаттанушы, саясатшы, Ресей ҒА-ның мүшесі Иван Иванович Лепехиннің туғанына 270 жыл (1740-1802).

10 қыркүйек – қазақ совет әдебиетшісі, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әуелбек Қоңыратбайұлы Қоңыратбаевтың туғанына 105 жыл (1905).

13 қыркүйек* - Өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі Темірболат Махимовтың туғанына 70 жыл, Бөкей ордасының тумысы (1940).

15 қыркүйек – Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, заң қызметкері Хаби Жақыповтың туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1915).

15 қыркүйек - Орал қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық стансасының негізі қаланғанына 90 жыл (1920).

16 қыркүйек - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Андрей Сергеевич Елагиннің туғанына 90 жыл, Орал қаласының тумысы (1920-1993).

16 қыркүйек – Азамат соғысының батыры Иван Иванович Масленниковтың туғанына 110 жыл (1900-1954).

17 қыркүйек – «Оралагрожөнмаш» ААҚ (Орал жөндеу зауыты) кәсіпорнының құрылғанына 55 жыл (1955)

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні.

26 қыркүйек - Бүкіләлемдік туризм күні

26 қыркүйек – Белгілі өлкетанушы, Қазақстан халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Ғұмар Зариповтың туғанына 105 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1905-1975).


Қазан

1 қазан      Халықаралық қариялар күні

1 қазан       Халықаралық музыка күні

4 қазан      Халықаралық дәрігерлер күні

4 қазан  психолог, психология ғылымдарының докторы Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың туғанына 90 жыл (1920).
4 қазан  орыс саяхаттанушысы, географ, этнограф және фольклоршы, публицист Григорий Николаевич Протаниннің туғанына 175 жыл (1835).

5 қазан – Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиевтың туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумысы (1920-1989).

6 қазан – Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына  ақын Жұбан Молдағалиевтің есімі берілгеніне 10 жыл (2000).

6 қазан – Орал қаласында Ж. Молдағалиев ескерткіші ашылғанына 10 жыл (2000).

7 қазан* – Мәдениет қайраткері, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Мақсот Константинұлы Омарғалиевтың туғанына 65 жыл (1945).

9 қазан    Бүкіләлемдік пошта күні

13 қазан – Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, экономист Ким Ғұсманұлы Ахметовтың туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумысы. (1930)

14 қазан    Халықаралық стандарттау күні.

15 қазан қазақ жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 105 жыл (1905).

18 қазан   Рухани келісім күні.

24 қазан    Халықаралық  БҰҰ күні.

24 қазан    совет педагогы, психолог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Петрович Нечаевтың туғанына 140 жыл (1870).

23 қазан – Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, Орал қаласының құрметті азаматы Петр Александрович Атоянның туғанына 95 жыл, Орал қаласының тумысы (1915).

Қазан – Тарас Григорьевич Шевченконың айдауда болған кезде Орал қаласында болғанына 160 жыл (1850).

Қазанның бірінші жексенбісі  Халықаралық мұғалімдер күні


Қараша

9 қараша        Бүкіләлемдік сапа күні

10 қараша      Бүкіләлемдік жастар күні

10 қараша* – «Құрмет белгісінің» иегері, мемлекет қайраткері Құрман Дияровтың туғанына 100 жыл, Теректі ауданының тумысы (1910-1970).

13 қараша - Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтың туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1940).

15 қараша      Ұлттық валюта теңге күні

15 қараша     Қазақ әдебиетшісі, педагог, қоғам қайраткері, Совет Одағының батыры, Қазақ ССР ғылымының еңбегі сіңген қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 95 жыл (1915).

17 қараша      Халықаралық студентер күні

20 қараша      Дүниежүзілік теледидар күні

20 қараша     Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы оқулығының авторы Наиля Ермұханқызы Бекмаханқызының туғанына 70 жыл (1940).

20 қараша   Қазақ педагогы, тіл білімінің ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, қазақ мектептері мен жоо арналған орыс тілі пәнінен әдістемелік оқу-құралдары мен оқулықтардың авторы Дариғұл Тұрсынұлы Тұрсыновтың туғанына 100 жыл (1910).

21 қараша* – Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айсұлу Қадырбаеваның туғанына 60 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1950).

21 қараша – Қазақ тіл білімі ғалымы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ ССР ғылым Академиясының академигі Ахмеди Ісқақұлы Ісқақовтың туғанына 100 жыл (1910).

21 қараша – Ақын, жазушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл (1885).

24 қараша – Қазақ совет жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Ісқақұлы Бегалиннің туғанына 115 жыл (1895).

26 қараша – Еңбек ардагері, Орал қаласының тұрғыны, зейнеткер Мақсот Батыровтың туғанына 80 жыл (1930).

27 қараша – Филолог, математика және инженерлік лингвистика саласының маманы Қалдыбай Бектайұлы Бектаевтың туғанына 90 жыл (1920).

28 қараша – Аудармашы, баспагер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қибат Бәйішұлы Иманғалиевтың туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумысы (1930-2000).

Қараша – «Жайық шаруасы» - облыстағы шаруа қожалықтары мен фермерлердің, агротауар өндірушілер қауымдастығының құрылғанына 20 жыл (1990).

Қараша – Саяхатшы, этнограф, фольклоршы, ағартушы-демократ, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының  мәдениеті мен тарихын зерттеушісі Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл (1835).

Қараша - 70 жыл бұрын орыс графикасы негізінде құрылған қазақ алфавиті Қазақ ССР Жоғары Советінің 5 сессиясында қабылданған (1940).


Желтоқсан

1 желтоқсан    Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні

1 желтоқсан – Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Әсия Бәкіқызы Қанатбаеваның туғанына 70 жыл, Тайпақ ауданының тумысы (1940).

10 желтоқсан   Адам құқығы күні

10 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары» туралы Президент Жарлығының шыққанына 15 жыл (1995).

15 желтоқсан – Еңбек ардагері, Орал облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы болған Қимаддин Сыздықовтың туғанына 95 жыл (1915).

15 желтоқсан –қазақ ақыны Өтебай Тұрманжановтың туғанына 100 жыл (1905).

15 желтоқсан – Орал газ-мұнай және салалық технология колледжінің (бұрынғы Ауыл шаруашылық колледжі) құрылғанына 60 жыл (1950).

16 желтоқсан – Ғалым, ауыл шарушылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ізтілеу Әбуғалиевтің туғанына 80 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1930).

16 желтоқсан – «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын, әнші, күйші Аманжол Ғұбайдуллиннің туғанына 60 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1950-1994).

21 желтоқсан* – Ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның мүшесі Сухан Мақсотұлы Камаловтың туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумысы (1935).

23 желтоқсан - Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс қайраткері Меңдігерей Ипмағамбетовтың туғанына 135 жыл, Орал қаласының тумысы (1875-1919).

23 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры Николай Степанович Чуриковтың туғанына 100 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1910-1997).

23 желтоқсан –педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің байырғы қызметкері, Қазақстан тарихы оқулығының авторы Тотай Тәжіұлы Тұрлығұлұлының туғанына 80 жыл (1930).

24 желтоқсан – қазақ совет жазушысы, Совет Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл (1910).

25 желтоқсан - әдебиеттанушы, ғылым докторы, профессор, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әбіш Байтанайұлы Байтанайовтың туғанына 100 жыл (1910).

27 желтоқсан – қазақ әдебиеттанушысы, жазушы, критик, Қазақ ССР ғылым Академиясының академигі Мұхамеджан Қожаспайұлы Қаратаевтың туғанына 100 жыл (1910).

Желтоқсан – Орал өңірінде Совет үкіметін құруға қатысқан Александр Иванович Самсоновтың дүниеге келгеніне 155 жыл (1855-1957).
Желтоқсан – Ордада денсаулық сақтау қызметкерлері мен дәрігерлердің ІІ сьезі болғанына 75 жыл (1935).


ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛАР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

15 қаңтар
Сатыбалды Дауымовтың
туғанына 75 жыл (1935)

Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сатыбалды Дауымов 1935 жылы 15 қаңтарда Орда ауданында дүниеге келген.
1953 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр орта мектебін, 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірді.
1959-70 жылдары «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының әдеби қызметкері, аударма бөлімінің меңгерушісі, 1970-95 жылдары «Еңбек таңы» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдер топтамасы «Жайық жырлары» деген тақырыппен 1955 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. «Жалын ғұмыр» атты өлең жинағы мен «Тауқыметті тағдыр» атты деректі-эссе кітабы, «Сатыбалды» (өлеңдер мен поэмалар), «Сонау бір тұрған Нарында» кітаптары жарық көрген. «Ғасыр, саған айтам», «Елестер мен белестер», «Аспан асты, жер үсті» поэмалары, зерттеу мақалалары, очерктері әр түрлі мерзімдік басылым беттерінде жарияланды.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. Бөкей ордасының тарихы, танымал тұлғалары туралы көптеген танымдық мақалалар мен очерктердің авторы.

Әдебиеттер:
1.    Дауымов Сатыбалды: [Өмірдерек] // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-226 б.
2.    Дауымов Сатыбалды: [Өмірдерек] //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2005.-152 б.
3.    Дауымов С. Жалын ғұмыр: [Поэмалар мен өлеңдер].-Алматы, 1990.-118 б.


* * *


17 қаңтар
Мәжекен Есенұлы Бутиннің
туғанына 100 жыл (1910-1974)

Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Бутин Мәжікен Есенұлы 1910 жылы 17 қаңтарда қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген.
Ленинград (Санкт-Петербург) тұтыну кооперациясы институтын, Мәскеу экономика және тауартану институтының аспирантурасын бітірген.
1933-40 жылдары Алматы, Челябинск қалаларының жоғары оқу орындарында, 1941-43 жылдары КСРО Ішкі істер халық комитеті жүйесінде жауапты қызметтер атқарды.
1943-45 жылдары Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрінің орынбасары, 1945-54 жылдары Қазақ КСР өнеркәсібі министрі, 1954-57 жылдары Целиноград (қаз. Ақмола) облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1957-67 жылдарцы ҚазМУ-дің, Алматы халық шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі болды.
1957 жылы ҚазМУ-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырды.
1967 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрінің 1-орынбасары болып істеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты — бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау салаларының теориялық және практикалық негіздері.
Мәжекен Есенұлы әсіресе бухгалтерлік есеп салаларының республикада орнығуына, бухгалтер мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Осы сала бойынша 50-ден астам еңбектердің авторы. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:
1.    Бутин Мәжікен Есенұлы: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-209-210б
2.    Бутин Мәжікен Есенұлы: [Өмірдерек] //Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1988.-т.3.-148б
3.    Бутин М. Бухгалтерский учет: Учебник.-Алматы, 1971
4.    Бутин М. Бухгалтерский учет и бухгалтерская экспертиза.-Алматы, 1972.


* * *

28 қаңтар
Шмидт Мұсаұлы Айталиевтің
туғанына 75 жыл (1935-2007)

Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер  Айталиев Шмидт Мұсаұлы 1935 жылы 28 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген.
Шмидт Мұсаұлы 1957 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1957-60 жылдары Орал педагогика институтының ассистенті.
1960-76 жылдары және 1987-91 жылдары Қазақстан ҒА Математика және механика институтының, 1976-86 жылдары Сейсмология институтының, Механика және машинатану институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі.
1992-97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академия хатшысы қызметін атқарды.
1997 жылдан ҚР ҒА-ның физика-математика бөлімшесінің төрағасы. Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Жерасты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9-10 баллдық жер сілкінісі жағдайындағы болашақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтады. Сондай-ақ терең мұнай, газ оқпанын бұрғылау динамикасының, көліктік құрылыс механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі.

Әдебиеттер:
1.    Айталиев Шмидт Мұсаұлы: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-106-107б
2.    Баймахан Р. Шмидтің қазақстандық аттасы: //Зерде.-2005.-№1.-14-17б
3.    Ғаббасов С. Жерасты әлемінің – ғұлама жыршысы//Орал өңірі.-1994.-15, 20, 22 желтоқсан
4.    Жапақов Н. Жәнібектің жарық жұлдызы//Орал өңірі.-2005.-16 сәуір.

* * *

 

15 ақпан Бекмаханов Ермұқан Бекмаханұлының
туғанына 95 жыл (1915)

БЕКМАХАНОВ Ермұқан (15.2.1915, Павлодар облысында дүниеге келген, Алматы облысы Баянауыл ауданында — 6.5.1966, дүниеден озады) — ғалым, тарих ғылымдарынын докторы (1946), профессор (1949), Қазақстан ҒА-ның Корроспендент мүшесі (1962). Воронеж педагогикалық институттын бітірген (1937). Педагогикалық ғылыми-зерттеу институттының (қазіргі Білім академиясының) ғылыми қызметкері, директоры (1937 — 40) болған. Соғыс жылдары Халық ағарту комиссариатының басқармасын басқарды, сонымен қатар Қазақстан КП ОК-нің лекторы (1941 — 46) болып қызмет істеді. 1945 ж. Тарих, археология және этнография институттының аға ғылыми қызметкері, директорынын орынбасары, 1947-51 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессоры, кафедра меңгерушісі болды. Алғаш рет 1944 ж. "Қазақ ССР тарихындағы" (А., 1943) Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы тараудың авторы ретінде әділетсіз сынға ұшырады. "XIX ғасырдың 20 — 40-жылдарындағы Қазақстан" атты кітабында (1947) Кенесары Қасымұлының көтерілісін (1837-47) қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ретінде бағалағандығы үшін саяси қуғын-сүргінге душар болды. 1952 ж. 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. 1954 ж. ақталып шыққан соң, ҚазМУ-де өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Қазақстанның 18-19 ғасырлардағы саяси, әлеуметтік-экономика тарихы туралы терең мазмұнды бірнеше ғылыми еңбектер жазды.

Шығармалары: Казахстан в 20 — 40-е годы XIX века, М., 1947; Присоединение Казахстана к России, М., 1957; Очерки истории Казахстана XIX в„ А.-А., 1966.

Әдебиеттер: Бекмаханов Ермухан Бекмаханович. Биобиблиография ученых Казахстана, А.-А., 1981; Козыбаев И.М., Историография Казахстана: уроки истории, А.-А., 1990.


* * *


20 ақпан
Чапай Ғабдығалиұлы Мусиннің
туғанына 75 жыл (1935)

Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мусин Чапай Ғабдығалиұлы 1935 жылы 20 ақпан күні Сырым ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазМУ-ді бітірген .
1956-59 жылдары Жамбыл облысы Фурманов селосындағы орта мектептің мұғалімі. 1959-63 жылдары Жамбыл облысында комсомол жұмысыңда.
1963-66 жылдары Жамбыл гидромелиоратор құрылыс институтының аға оқытушысы.
1969-75 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері. 1975-82 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының доценті.
1982-86 жылдары  Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының.
1986 жылдан Қазақ ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі.

Әдебиеттер:
1.    Мусин Чапай: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-397-398 б.
2.    МадановХ., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы: [Оқу құралы].-Алматы, 1994.-272 б.
3.    Мусин Ч. Қазақстан тарихы: [Оқулық].-Алматы, 2003.- 463 б.


* * *

23 ақпан
ТӘЖІБАЕВ ТөлегенТәжібайұлының
туғанына 100 жыл (1910-1964)

ТӘЖІБАЕВ Төлеген (1910 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 9-ауылда дүниеге келіп, 14.06.1964 Алматы) — көрнекті ғалым, қоғам кайраткері, педагогика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1949), Қазақ КСР-і ҒА-ның акадимигі (1954). Шымкенттегі педагогикалык техникумды (1928), Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын (1935) бітірген. 1938-40 жылы Абай атындағы Казақ педагогика институтында педагогика және психология кафедрасының доценті және меңгерушісі. 1940-42 ж. Қазақ КСР-і Халық ағарту комисарының 1-орынбасары, Халық ағарту комиссары, 1942-44 ж. республика ХКК төрағасының орынбасары қызметтерінде болды. 1944-57 ж. Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақ КСР-і Министрі Кеңесі төрағасының орынбасары. 1957-61 ж. Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесші-өкілі болды. 1961-64 ж. Қазақ мемлекеттік унверситетінде педагогика және психология кафедрасының профессор меңгерушісі қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтермен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де шұғылданды. 1940 жылғы "Халық мұғалімі" журналында жариялаған мақалаларында психологияның сол кезгі көкейтесті мәселелерін, классикалық психологияның тарихын, қалыптасу жолдарын талдауға алды. Осы еңбектері негізінде "Жалпы психология" (1961) атты тұңғыш оқулық жазды. Төлеген Тәжібаев қазақ тілінде психология ғылымы терминдерін қальптастыруға елеулі үлес қосты. Тәжібаевтың бірқатар еңбектері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың педагогикалық және психологиялық көзқарастарын зерттеуге арналады. Т.Тәжібаев 2-4-сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Еңбек Қызыл Ту (1945) және "Құрмет белгісі" (1967) ордендерімен марапатталған.

Шығармалары: Психология и педагогическая психология К.Д. Ушинского, А., 1948; Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы, А, 1954; Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева, А., 1957; Просвещение и школы Казахстана во второй половине 19-го века, А., 1962; Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине 19-го века, А., 1965.


* * *


2 наурыз
Сарыбаев Шора Шамғалиұлының
туғанына 85 жыл (1925)

САРЫБАЕВ Шора Шамғалиұлы (02.03.1925 жылы Ташкент қаласында туған) тіл білімі маманы, филология  ғылымының докторы (1974), профессор (1979), ҚР ҮҒА-ның акадимигі (1983), Қазақстанның енбек сіңірген ғылым қайраткері (1985). ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтты қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың бас ғылыми қызметкері. Ғылыми-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғылыми мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Ш.Сарыбаеыв профессор С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін" (1966), "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін" (1969), "Жаңа атаулар сөздігін" (1992) кұрастырушылардың бірі. "Қазақтың аймақтық лексикографиясы" (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Ш.Сарыбаев "Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші" атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол "Түркітану әдебиетінің библиографиясын" (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық, докторлық диссертациясының библиографиялық көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 жылы АКДІ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халыкаралық конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. Ш.Сарыбаев "Құрмет" орденімен марапатталған.
Шығармалары.: Междометие в казахском языке, А., 1959; Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, А., 1960; Современный казахский язык, А., 1962 (телавт.); Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1966 (телавт.); Казақ диалектологиясы, А., 1967 (телавт.); Қазақ, моңғол тілдерінің туыстығы жайлы, А., 1967; Монгольско-казахские лексические параллели, А., 1971; Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, А., 1975 (тел-авт.); Казахская региональная лексикография, А., 1976; Қазақ тіліндегі аймақтық лексика, А., 1989 (телавт.); Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000; Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005 (телавт.).

Әдебиеттер: Шора Шамғалиұлы Сарыбаев, А., 2005.


* * *

10 мамыр
Махмұд Сапарғалиевтің
туғанына 100 жыл (1910-1970)

Мемлекет қайраткері, ғалым Махмұд Сапарғалиев 1910 жылы 10 мамырда Жаңақала ауданында дүниеге келген.
Махмұд Сапарғалиев 1929 жылы Орда орта мектебін, 1930 жылы РКФСР Халық ағарту халкомының 1 жылдық курсын бітірген.
1930-36 жылдары Орал облыстық оқу бөлімінде инспектор әрі медицина техникумында оқытушы, облыстық жер басқармасы бастығының орынбасары, облыстық атқару комитетінің бөлім бастығы. Кейін Ембі мұнай кәсіпшілігін, Мақат аудандық партия комитетін (қаз. Атырау обл.) басқарған.
Содан соң 1944 жылы республикалық жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, 1954-53 жылдары Сауда министрі қызметін атқарған.
1945 жылы заң ғылымынан кандидаттық диссертация қорғап, ҒА-ның заң бөлімінің меңгерушісі. Сондай-ақ  «Қазақ КСР тарихын» шығаруға атсалысқан.
1955-59 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, кейін Жамбыл облыстық  партия комитетінің 1-хатшысы, 1959-65 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрі.
Махмұд Сапарғалиев өмірінің соңғы жылдары ҚР ҒА-ның сектор бастығы, Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері болды. 2 мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Әдебиеттер:
1.    Сапарғалиев Махмұд: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-457б

* * *

18 маусым
Геннадий Николаевич Дорониннің
туғанына 65 жыл (1945)

Белгілі журналист, жазушы әрі өлкетанушы Доронин Геннадий  Николаевич 1945 жылдың 18 маусымында дүниеге келді. Ол Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Геннадий Николаевич  көп уақыт бойы аудандық,облыстық «Приуралье», «Прикаспийская коммуна» (Атырау облысы) газеттерінде және телеведение де жұмыс жасады. Мекен-жайын ауыстырса да, ол жыл сайын өзі бастамашыларының бірі болған Орал қаласында ұйымдастырылған «По следам Правдухина» атты кезекті экспедицияға қатысады.
Жазушы Доронин шығармалары  «Простор» журналында басылды. «Старый друг уезжает »(1986), «Пятый десяток»(1989), «Между пунктами назначения»(1991), «Бершарал»(2006) атты кітаптары жарық көрді.2006 жылы «Оптима» кітап дүкенінде жазушы әрі өлкетанушының «Жизнь и смерть Буратино» атты жаңа кітабының тұсаукесері өткізілді.

Әдебиеттер:
1. Доронин Геннадий Николаевич: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.- 230 б.


* * *

13 қыркүйек
Темірболат Махымовтың туғанына
70 жыл (1940)

Темірболат Махымов  1940 жылғы 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген.
1957 ж. Орда орта мектебін, 1962 ж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.
1962-78 ж. аралығында Жәнібек, Орда аудандарының мектептерінде, аудандық  комсомол комитетінде қызмет істеген.
1978 жылдан Бөкейордасы тарихи мұражайының директоры.
1998-2000 ж. Орда аудандық округінің әкімі болған. Туған жер тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштері, Нарын экологиясы туралы көптеген танымдық мақалалардың, кітапшалардың авторы.
Темірболат Махымов - өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Халықаралық мұражайлар кеңесінің, Қазақстан мұражайлар кеңесі Президиумының мүшесі, ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен,   облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық оқу бөлімінің құрмет граммоталарымен марапаттталды.

Әдебиеттер:
1.    Махымов Темірболат: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.- 386 б.
2.    Махымов Т. Тарих тамыры үзілмейді // Орал өңірі.-1997.-30 тамыз.
3.    Махымов Т. Мұражай тарихынан бір үздік сыр// Орал өңірі.-2000.-31 мамыр.


* * *

7 қазан
Мақсот Омарғалиевтың
туғанына  65 жыл (1945)

Мақсот Константинұлы Омарғалиев  1945 
жылғы 7 қазанда Ресей Федерациясының Волгоград облысындағы Старо-Полтавский ауданының Гмелинское ауылында дүниеге келді. Мақсот Омарғалиев еңбек жолын 1973 жылы Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әнші-вокалисті қызметімен бастады, одан кейін бірнеше жыл бойына облыстық филармония директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
1984-1988    жылдары    аралығында    Мақсот Константинұлы Омарғалиев облыстық халық шығармашылығы және мәдени ағарту жұмысы ғылыми - әдістемелігі орталығының директоры лауазымдық қызметін атқарды.
1988 жылдан 1992 жылға дейін ол Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры болып жұмыс істеді. 1992 жылғы сәуір айында облыстық мәдениет басқармасының бастығы жоғары лауазымдық қызметіне тағайындалды. 2003 жылғы тамызда ол жастар шығармашылығы орталығының директорлығына жолданады, одан кейін Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры болып тағайындалды.
Мәдениет жүйесінде отыз жылдан астам уақыт басшылық жұмыстарда болуы кезеңінде Мақсот Константинұлы Омарғалиев жемісті еңбек етті, саланың барлық жанрларының дамуына нақтылы ықпал жасады. Ол тек қала мен облыста ғана емес республиканың жалпы жұртшылығына, көркем-шығармашыл зиялы қауымға, ғылыми-педагогикалық орта мен парасат бизнесі өкілдеріне жоғары білікті, әмбебап маман, кәсіби музыкант, іскер басшы ретінде танымал.

Әдебиеттер:
1. Омарғалиев Мақсот: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-421 б.
2. Мақсот Омарғалиев: [облыстық филармония директоры] //Информбиржа.-2006.-6 шілде.- 15 б.


* * *

10 қараша
Құрман Дияровтың туғанына
100 жыл (1910-1970)

Мемлекет қайраткері Құрман Дияров 1910 жылы 10 қарашада Теректі ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.
Орал ауыл шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін зоотехник, 1938 жылы Батыс Қазақстан совхоздар тресі директорының орынбасары, 1938 жылы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1942 жылы Қазақстан совхоздары халық комиссарының орынбасары, 1943 жылы Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1944 жылы ҚКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, 1946 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1952 жылы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 1960 жылы ҚКСР совхоздары министрінің 1-орынбасары, Тың өлкесі өлкелік басқармасы бастығының 1-орынбасары қызметтерін атқарды.
1965 жылдан Мемлекеттік  жоспарлау комитетінің төрағасы болды. Көптеген ғылыми мақалалардың, монографиялық еңбектің авторы. «Құрмет Белгісі», 4 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Әдебиеттер:
1.    Дияров Құрман: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-229-230б


* * *

21 қараша
Айсұлу Қадырбаеваның
туғанына 60 жыл

Айсұлу Қадырбаева 1950 жылдың 21 қарашасында Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Қаратөбе орта мектебін бітіре салысымен ол Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі.
Айсұлу Қадырбаева 1972-1984 жылдары «Жазушы» баспасында жұмыс істейді. Ал 1984-1990 жылдар аралығында  Қазақ радиосының меншікті тілшісі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы   қызметін атқарды.
1990-1994 жылдары Айсұлу Қадырбаева республикалық азаматтық «Азат» қозғалысының мүшесі болды.
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаеваның өлеңдері Қазақстан мен Түркия баспасынан жарық көрді. «Айту парыз» (1996), «Ақ мама»(1997), «Барып қайт, балам ауылға» (1998), «Иманға жүгін, ей пенде» (2000) жинақтары баршаға кеңінен танымал.           

Әдебиеттер:
1.    Қадырбаева Айсұлу:[Өмірдерек] // Батыс  Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы, 2002.-333 б.
2.    Ақ Жайықтың ақын қызы // Орал өңірі.-1989.-15 шілде.
3.    Ақынның жыр кеші // Орал өңірі.-1989.-19 мамыр.


* * *

21 желтоқсан
Сухан Мақсотұлы Камаловтың
туғанына 75 жыл (1935)

Сухан Мақсотұлы Камалов 1935 жылдың 21 желтоқсанында Казталов ауданының Асанқұдық елді мекенінде дүниеге келген. Казталов орта мектебін бітіргеннен кейін, Сухан Мақсотұлы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің  геологиялық факультетіне оқуға түседі. Оқу далалық геологиялық партиялар мен экспедициялардағы өндірістік практикамен,спортпен белсенді шұғылданумен сабақтастырылып жүргізілді. Университетті ойдағыдай тәмамдаған оны туған өлкесіне жұмысқа жолдайды.
Сухан Мақсотұлы еңбек жолын коллектор ретінде бастап, одан кейін Жаңақала кентінің оңтүстік бетіндегі 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Әукетшағыл» газ кенішіне барлау жүргізу жөніндегі геологиялық іздестіру партиясында геолог,аға геолог болып жұмыс істейді.
Барлау жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша жас геолог Сухан Камалов 1960 жылы өзінің жеке алғашқы геологиялық есебі Каспий ойпатының орталық бөлігінде орналасқан кең құрылымды тұзды-күмбезді аймақтағы «Аукетайшағыл» алаңының геологиялық құрылысы және газ байлығы туралы жазба әзірледі.
Оның нәтижесінде 1972 жылы жас геолог белгілі ғылыми -зерттеу институтында (Ленинград қаласы) «Каспий қойнауы мен жағалау аумағының солтүстік және солтүстік –шығыс бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігі және мұнай- газ қазба байлығының болашағы» тақырыбында геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап шығады.
Диссертацияны қорғап шыққаннан кейін 1972 жылы күзде Сухан Мақсотұлы Ақтөбе мұнай барлау терең бұрғылау экспедициясының бас геологы қызметіне  (30жылдары құрылған бұрынғы «Ақтөбемұнайбарлау» трестісі) тағайындалады. Оның басшылығымен көмірсутегін іздестіруді Каспий қойнауының шығыс жағалау бөлігіне басымдылықпен жүргізу қолға алынады, нәтижесінде 1978 жылы Ақтөбелік ірі Жаңажол мұнай-газ кенішінің, келесі жылдары және басқа да бірқатар корбанаттық қазба байлықтарының (Қожасай, Синельник, Ұрықтау, Әлібекмола) ашылуына мүмкіндік берілді.
1999 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Сухан Мақсотұлына «Парасат» орденін, 2008 жылы үшінші дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.

Әдебиеттер:
1. Есқалиев Б. Қарашығанақты ашқан қазақ // Жайық ардагері,-2005.-     24 желтоқсан.
2. Нықмұқанова А. Ғалымның мерейтойы // Орал өңірі.-2005.-24 желтоқсан.


* * *

Хасан Шамсутдиновтың
туғанына 100 жыл (1910-1991)

Мүсінші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Шамсутдинов Хасан 1910 жылы Орал қаласында дүниеге келген.  Облыс пен Орал қаласындағы көптеген ескерткіштер мен бюсттердің авторы.
Хасан Зиганшевич 1933 жылы Саратов көркем-өнеркәсіп техникумын бітірген. Бірінші мүсіні — «Көтерілген қазақ» (1937). Азамат соғысы тақырыбы мүсінші шығармаларында кеңінен орын алған. («В.И.Чапаев», «Д.М.Фурманов» және т.б.).
Оның еңбектері арасында Оралдағы М.Мәметованың, Жамбылдың, М.В.Ломоносовтың, В.Терешкованың және т.б. мүсіндері бар.

Әдебиеттер:
1.    Шамсутдинов Хасан: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан блысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-520б
2.    Шамсутдинов Х. Қала: Ескерткіш – қала сәні //Орал өңірі.-1970.-11 тамыз
3.    Ғайсин С. Дарынды мүсінші: [творчествосына арналған көрме] //Орал өңірі.-1970.- 11 желтоқсан.



Айы мен күні белгісіз 2010 жылы аталып өтілетін және  еске алынатын күндер

-    Жауынгер, жырау, философ Қазтуған жырау Сүйінішұлының туғанына 590 жыл, 
-    Астрахан облысының тумысы (1420-ө.ж.б.).
-    Кіші жүз ханы Айшуақ ханның туғанына 290 жыл (1720-1810).
-    Би Көбек Шүкірәліұлының туғанына 250 жыл (1760-1825) Батыс Қазақстан.
-    Кіші жүз ханы Арынғазы Абылғазыұлының туғанына 225 жыл (1785-1833).
-    Кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші сұлтаны, генерал-майор Баймағамбет Айшуақұлы Айшуақовтың туғанына 220 жыл (1790-1847).
-    Батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан Үбі Үсеұлының туғанына 220 жыл (1790-ө.ж.б.).
-    Казталовка аулының негізі қаланғанына 195 жыл (1815).
-    Өлкетанушылар А.Левшин мен Лессингтің Орал қаласында болғандарына 190 жыл  (1820).
-    Жергілікті тарихшы, өлкетанушы Никита Федорович Савичевтың туғанына 190 жыл (1820-1885).
-    Күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 190 жыл (1820-1887).
-    Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамбетовтің туғанына180 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1830-1904).
-    Ақын Қашқынбай Қожамбайұлының туғанына 180 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1830-1870).
-    Сыбызғышы, күйші Сармалайдың туғанына 175 жыл, Казталов ауданының тумысы (1835-1885)
-    Ресей империясының генералы, қазақтан шыққан әскери қайраткер Ғұбайдолла Жәңгірұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1840-1909).
-    Белгілі ботаник А. Леманның Орал қаласында болғанына 170 жыл (1840).
-    Географ, этнограф Яков Владимирович Ханыковтың Орал қаласында болғанына 170 жыл (1840).
-    Орал қаласындағы С. М. Киров атындағы мәдениет демалыс паркінің құрылғанына 170 жыл (1840).
-    Қазақтың алғашқы арнаулы білімді мал дәрігері Мұхамет Ақтановтың туғанына 160 жыл, Орал қаласының тумысы (1830-ө.ж.б.).
-    Этнограф Павел Иванович Небольсиннің Орал қаласында болғанына 160 жыл (1850).
-    Ресей армиясының әскери қызметшісі, жергілікті әкім Шарафеддин Көшекқалиұлы  Шығаевтың туғанына 160 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1850-ө.ж.б.).
-    Емші, әулие Едіге әулие Шымырұлының туғанына 160 жыл, Қаратөбе ауданының  тумысы (1850-1926).
-    Шыңғырлау ауылының іргесі қаланғанына 160 жыл (1850).
-    Күйші Жақия Асановтың туғанына 155 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1855-1920).
-    Есет Көтібарұлының басшылығымен Кіші жүзде ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 155 жыл (1855-1857).
-    Қоғам қайраткері, заңгер ағартушы-демократ Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаевтың туғанына 150 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1860-1934).
-    Күйші, домбырашы Науша Мырзагерейұлы Бөкейхановтың туғанына 140 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1870-1944).
-    Нарын өңіріне белгілі емші, діндар Жұмаш молданың туғанына 140 жыл (1870-1918/19ж.ш.).
-    Жоғары білімді алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Батыс Алашорда қайраткері Дәулетше Күсепқалиевтің туғанына 140 жыл (1870-1944).
-    Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 135 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1875-1921).
-    Діндар, тылсым қасиет дарыған кісі Ізімғали әулиенің туғанына 130 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1880-1911).
-    Социалистік Еңбек Ері Ғұсман Абдуллиннің туғанына 125 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1885-1965).
-    Көрнекті мемлекет және ұлт қайраткері, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер Жанша Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл, Сырым ауданының      тумысы (1885-ө.ж.б.).
-    Күйші-композитор Салауаткерейдің туғанына 125 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1885-1915).
-    Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы арнайы білімді әскери мамандарының бірі Қазмұхамед Мұқанұлы Тәтібаевтің туғанына 125 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумысы (1885-1962).
-    Күйші-композитор Махамбет Нұрмұхаметұлы Бөкейхановтың туғанына 120 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1890-1937).
-    1916 жылғы Қаратөбе аймағының Соналы болысындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі - Сенғали Дәуешовтің туғанына 120 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1890-1928).
-    Батыс Қазақстан аймағына танымал көріпкел әулие, тәуіп, сынықшы Арыстан Жұмалиұлының туғанына 120 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1890-1976).
-    Алаш қозғалысына қатысушы, қазақтың арнаулы білімді алғашқы әскери мамандарының бірі Нұғыман Сарбөпиннің туғанына 120 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумысы (1890-1918).
-    Социалистік Еңбек Ері Мәмбет Сержановтың туғанына 120 жыл, Казталов ауданының тумысы (1890-1954).
-    Орда орман шаруашылығының құрылғанына 120 жыл (1890).
-    Ғабдолла Тоқайдың Орал қаласында тұрғанына 115 жыл (1895-1907).
-    Халық ақыны Жібек Ерубаеваның туғанына 100 жыл, Ақжайық ауданының тумысы (1910).
-    Орыс жазушысы Константин Фединнің Орал қаласына тоқтағанына 100 жыл (1910).
-    * Мүсінші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, облыс пен Орал қаласындағы көптеген ескерткіш пен бюсттердің авторы Хасан Зиганшевич Шамсутдиновтың туғанына 100 жыл, Орал қаласының тумысы.  (1910-1991).
-    Шыңғырлау - темір жол стансасының салынғанына 100 жыл (1910).
-    «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын Мектеп Досқалиевтың туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумысы (1920-1985).
-    Кеңес Одағының Батыры Иван Андреевич Куличевтің туғанына 90 жыл (1920-1979).
-    Орал қаласында наркологиялық диспансер орталығының ашылғанына 90 жыл (1920).
-    А. Островский атындағы облыстық драма театрының әртісі Зинаида Михайловна Акимованың туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумысы (1925-1983).
-    Кинорежиссер, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО-ның киномотография үздігі Фазыл Айтушевтың туғанына 85 жыл, Жәнібек ауданының тумысы (1925-1988).
-    Үшінші дәрежелі солдат даңқы ордендерінің иегері, талантты журналист, жазушы Александр Георгович Балашовтың туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумысы (1925-1999).
-    Кеңес Одағының Батыры Иван Петрович Зреловтың туғанына 85 жыл (1925-1983).
-    Орыс жазушысы Всеволод Ивановтың Орал қаласына тоқтағанына 85 жыл (1925).
-    Генерал-майор, Қазақстан Ішкі істер қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Наурыз Әлжанұлы Өтегеновтың туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1925).
-    Батыс Қазақстан облысына белгілі журналист Махмұд Шомбаловтың туғанына 85 жыл (1925-1988).
-    Орал қаласында "Динамо" - облыстық спорт қоғамының құрылғанына 85 жыл (1925).
-    Облыстық туберкулез диспансерінің ашылғанына 85 жыл (1925).
-    Социалистік Еңбек Ері Бақтығали Әбілғазиевтің туғанына 80 жыл, Теректі ауданының тумысы (1930).
-    Ақын, журналист Хамит Әбіловтің туғанына 80 жыл, Қаратөбе ауданының тумысы (1930-1998).
-    Еңбек ардагері, қоғам қайраткері Айсағали Әбілхасымұлы Мұхамбетовтың туғанына 80 жыл, Зеленов ауданының тумысы (1930).
-    Жаңақала ауданының құрылғанына 80 жыл (1930).
-    Орал балық комбинатының құрылғанына 80 жыл (1930).
-    Мал емдейтін емхананың ашылғанына 80 жыл (1930).
-    Жалпақтал ауданының Талдықұдық ауылының құрылғанына 80 жыл (1930).
-    Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, палуан Ыбырайым Төлеуғалиұлы  Абдоловтың туғанына 75 жыл, Тайпақ ауданының тумысы (1935).
-    КСРО-ның еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, ғалым-маман Мүсір Иманқұлұлы Айтасовтың туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумысы (1935).
-    Күйші Биболат Насырұлы Аюповтың туғанына 75 жыл, Бөкей орда ауданының тумысы (1935-1969).
-    Ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрбек Сафиұлы Бозовтың туғанына 75 жыл, Зеленов (Приурал) ауданының тумысы (1935).
-    Ғалым, география ғылымының докторы Сәкен Қаламқалиұлы  Дәулетқалиевтің туғанына 75 жыл, Тасқала ауданының тумысы  (1935).
-    Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақтығұл Ойшыбаевтың туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумысы (1940-1997).
-    Орал қаласындағы Қазақ драма театрының ашылғанына 75 жыл (1935).
-    Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының  ғылыми-әдістемелік орталығының құрылғанына 65 жыл (1945).
-    Палуан, еркін күрестен спорт шебері Сайлау Төленғалиұлы Мұқашевтың туғанына 60 жыл, Ақжайық ауданының тумысы  (1950).
-    Орал қаласында онкологиялық диспансерінің ұйымдастырылғанына 60 жыл (1950).
-    Композитор Әділбек Нәсекенұлы Сүлейменовтің туғанына 55 жыл, Казталов ауданының тумысы (1955).
-    «Жайықселоқұрылысы» - құрылыс кәсіпорынының құрылғанына 55 жыл (1955).
-    Дина Нұрпейісова атындағы арнаулы музыкалық білім беретін оқу орнының  ашылғанына 55 жыл (1955).
-    Жаңақала ауданында Үшкілтас газ кен орнының анықталғанына 50 жыл (1960).
-    Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы Орал қаласында құрылғанына 50 жыл (1960).
-    Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының ашылғанына 50 жыл (1960).
-    Орал қаласында екінші кәсіптік-техникалық лицейдің ашылғанына 50 жыл (1960).
-    ТЭЦ-тің құрылғанына 50 жыл (1960).
-    «Красный маяк», (қазіргі Тасқала ауданының Ақтау ауылы) совхозының құрылғанына 45 жыл (1965).
-      Орал нан комбинатының құрылғанына 45 жыл (1965).
-       Орал мұнай құбыры басқармасының құрылғанына 40 жыл (1970).
-    Жобалау институтының құрылғанына 40 жыл (1970).
-    Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан «Ақжайық» ансамблі  құрылғанына 35 жыл (1975).
-    Орал қаласында «Саяхат» мейманханасы, туристік кешенінің салынғанына 35 жыл  (1975).
-    Зеленов ауданындағы Трекино ауылының іргесі қаланғанына 35 жыл (1975).
-    Зеленов ауданындағы «Дарьинск» мәдениет үйінің құрылғанына 35 жыл (1975).
-    Пятимар су торабының салынғанына 35 жыл (1975).
-    Тасқала ауданына қарасты Семиглавый Мар ауылының құрылғанына 35 жыл (1975).
-    Жәнібек суару-суландыру жүйесінің құрылғанына 35 жыл (1975).
-    Орал қаласындағы көрме залына 30 жыл (1980).
-    Орал мұнайгазгеологиясының құрылғанына 25 жыл (1985).
-    Ардагерлер ұйымының Батыс Қазақстан облыстық кеңесінің құрылғанына 25  жыл (1985).
-    «Дубров» ботаникалық қорықшасының құрылғанына 25 жыл (1985).
-    «Қазақ тілі» облыстық қоғамдық ұйымының құрылғанына 20 жыл (1990).
-    «Селекционный» ботаникалық қорықшасының ұйымдастырылғанына 20 жыл (1990).
-    «Оралэнерго» ААҚ компаниясының құрылғанына 20 жыл (1990).
-    Ақсай нан өнімдері комбинатының құрылғанына 20 жыл (1990).
-    «Нарын» қоғамдық қозғалысына 20 жыл (1990)
-     «Аққайың» балалар санаторийінің ашылғанына 20 жыл (1990).
-    «Ковчет-тапан» - облыстағы армян диаспорасының мәдени-ағарту  қоғамының құрылғанына 15 жыл (1995).
-    Батыс Қазақстан облыстық «Ғылым» қоры құрылғанына 15 жыл (1995).
-    Ресей мен Қазақстан арасындағы консулдықтардың – РФ консулдығы Орал  қаласында, ҚР консулдығы Астрахан қаласында ашу туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл (2000).
-    Қаратөбе аудандық өлкетану музейінің ашылғанына 10 жыл (1990).
-    «Атамекен» - балалардың жазғы демалыс лагерінің құрылғанына 10 жыл (2000)
-    Алтыншы кәсіптік мектеп (ПШ-6) – облыстағы бастауыш кәсіптік білім беретін  оқу орнының ашылғанына 10 жыл (2000).
-    Жаңақала кәсіптік мектебінің (№8) ашылғанына 10 жыл (2000).
-    Т.Г.Шевченко Қазақ Мемлекеттік көркем галереясының (қазіргі Ә.Қастевв атындағы өнер мұражайы) құрылғанына 75 жыл (1935).
-    Ұлы ойшыл, энциклопедист Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг ал-Фарабидің туғанына 1140 жыл және  өмірден өткеніне 1060 жыл (870-950).
-    Филолог, тарихшы және саяхатшы Жамал ал-Қаршы Абул-фади ибн Мұхаммедтің туғанына 780 жыл (1230-1315).
-    Ақтамберді жыраудың туғанына 335 жыл (1675-1768).
-    Ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 195 жыл (1815-1898).
-    Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының туғанына 175 жыл (1835-1898).
-    Композитор, әнші, халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 145 жыл (1865-1952).
-    Журналист, ақын, ағартушы, алашорда қайраткері Ахмет Мамытұлы Маметовтың туғанына 115 жыл (1895).
-    Мемлект қайраткері жазушы, публицист, экономист Смағұл Садуақасовтың туғанына 110 жыл (1900).
-    Көрнекті қоғам қайраткері Біржан Манкиннің туғанына 110 жыл (1900).


Есімдердің алфавиттік көрсеткіші

А
Абдолов Ы. Т.         
Абдуллин Ғ.
Абылғазыұлы А.
Айшуақов Б.
Айшуақ хан
Айталиев Ш.          
Айтасов М.
Айтиев Қ.                
Айтушев Ф.
Акимова З.
Ақмамбетов Ғ.        
Ақтанов М.
Асанов Ж.
Атоян П.
Ахметов К.
Аюпов Б.

Ә
Әбуғалиев І.
Әбілов Х.
Әжімұратов Қ.         

Б
Бақтыгереев Т.
Балашов А.
Батыров М
Бекмаханов Е.Б.      
Бекмұхамбетов М.
Бекмұхамедова Х.А. 
Бозов Н.
Бөкеев Ғ.
Бокейханов М.
Бокейханова Н.
Бутин М.                 

Г
Губарев Г.

Ғ
Ғұбайдуллин Г.

Д
Дауымов С.            
Дәуешов С.
Дәулетқалиев С.
Дияров Қ.
Доронин Г.
Досқалиев М.
Досмұхамедов Ж.

Е
Елагин А.
Еркебаев С.
Ерубаева Ж
Есенберлин І.          

Ж
Жақыпов М.
Жақыпов Х.
Жамалов А.
Жантикин М.         
Жұмағалиев А.
Жұмағалиұлы А.
Жұмаш молда.

З
Зарипов Ғ.
Здродовский П.
Зрелов И.

И
Ибалиева М.
Иванов В.
Иманғалиев Қ.
Ипмағамбетов М.

К
Камалов С.
Короленко В.
Көтібарұлы Е.
Куличев И.
Культюшнов Н.       
Кушаев Ғ.
Күсепқалиев Д.

Қ
Қажымұратов С.
Қазтуған жырау.
Қадырбаева А.  
Қажымұратов С.      
Қанатбаева Ә.
Қаратаев Б.
Қараш Ғ.
Қожамбайұлы Қ.
Кушаев Ғ.А.            

Л
Левшин А.
Леман А.
Лепехин И.
Лессинг.

М
Манкеева Ж.
Масленников И.
Махимов Т.
Молдағалиев Т     
Мусин Ч.               
Мұқашев С.
Мұхамбетов А.
Мырзалиев Қ.           
Мырзағалиев Т.     

Н
Нагурный В.
Небольсин П.
Неталиева Қ.

О
Ойшыбаев Б.
Омарғалиев М.
Оспанов Қ.            

Ө
Өтегенов Н.

П
Плещеев А.        
Пышкин Б.

С
Савичев Н.
Салауаткерей.
Самсонов А.
Сапарғалиев М.
Сарбөпин Н.
Сармалай.
Сарыбаев Ш.Ш.         
Северцев Н.
Сержанов М.
Стрелец Д.
Сүлейменов Ә.
Сыздықов Қ.

Т
Тәтібаев Қ.
Тоқай Ғ.
Тәжібаев Т.          

Ү
Үсеұлы Ү.

Ф
Федин К.
Фрунзе М.               

Х
Ханыков Я.
Хасанғалиев Е.
Хасанов С.

Ч
Чесноков Н.
Чуриков Н.

Ш
Шамсутдинов Х.
Шевченко Т.
Шолохов М.
Шомбалов М.
Шүкірәліұлы К.
Шығаев Ш.
Шығайұлы Д.
Шымырұлы Е.

Ч
Чесноков Н.
Чуриков Н.

І
Ізімғали әулие