• Kazakh
  • Russian
  • English
Виртуалды көрме 5

Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ.
Кәсіпкерлік:
Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: «Экономика», 2011. - 344 б.
Ұсынылып отырған «Кәсіпкерлік» оқұлығы типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.
Оқулықта кәсіпкерліктін мәні мен мазмұны, оның турлері, ерекшелікгері мен функциялары, кәсіпкерлік қызметтің объектілері, субъектілері және кәсіпкерлік орта құрудың маңызы қарастырылады. Онда бизнесті жоспарлау, қаржылық және кадрлық түрғыдан кәсіпкерлікті қамтамасызету мәселелеріне басты назараударылған.
Оқулық студентгерге, магистранттарға және оқытушыларға, сонымен қатар кәсіпкерлік аясында өз білім деңгейін жетілліргісі келетін азаматтарға арналған.

Каймулдинова К. Д.
Қазіргі дүние географиясы:
Оқулық. - Алматы: 2011. - 312 6.
«Қазіргі дүние географиясы» пәнінің интеграциялық мазмұны қазіргі заманғы ғаламдык, макроэкономикалық проблемалардың географиялық аспектілерін қарастыруымен анықталады. Оқулықа қазіргі кездегі географияның зерттеу әдістері, елдер мен аймақтарды оқып-уйренудің теориялық-қолданбалы мәселелері, елдердің типтері, халықаралық қатынастар мен жаһандану жағдайындағы әлеуметтік, саяси және экономикалық процестердің сипаты көрсетіледі. Оқулық жоғары оқу орындарында география мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге арналған. Сонымен қатар, бұл оқулықты магистранттар мен география пәнінің мұгалімдері қосымша құрал ретінде пайдалана алады.

Гусманова Ф.Р.
Амалдарды зерттеудің негіздері:
Жоғары оқу орындарының студентгеріне арналған оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 472 бет.
Оқулықта амалдарды зерттеу саласында кездесетін негізгі тусініктер, сызықтық, сызықтық емес, дөңес және динамикалық программалау модельдері, ойындар теориясы және амалдарды зерттеудің арнайы модельдері — желілік жоспарлау мен басқару және жаппай қызмет көрсету жүйелері қарастырылған.
Жоғары оқу орындарында «Информатика» мамандығы және физика-математика бағытындағы басқа да мамандықтар бойынша білім алушыларға және осы салада қызығушылық білдіретін мамандарға біліктілігін арттыруға арналған


Муханбетжанова Ә.
Педагогиканы оқыту әдістемесі:
Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 ж. - 356 бет.
¥сынылып отырған «Педагогиканы окыту әдістемесі» оқулығы жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі негізгі педагогикалық пәндердін бірі болып саналады. Оқулык арқылы студенттер теория мен тәжірибенің бірлігін, оқытушы мен білім алушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметің әдістемесін меңгереді. Бұл окулықтын ерекшелігі - жоғары білім беру саласына қойылып отырған бүғінгі күнгі талаптарға сәйкестігі мен жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде кәсіби кұзыретті мамандарды дайындау тәжірибесіндегі мемлекетртік тілде алғашкы рет әзірленуі.
Оқулық «Педагогика және психология» мамандыгының тіптік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Оқулық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студентерге, магистрантгарға, жоғары оку орны мен колледж оқытушыларына арналған.